• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:50:54
Алматы
+35°

Соңғы жылдары Жамбыл облысында құрылыс жұмыстары қарқын алды. Өңірдегі әлеуметтік нысандармен бірге шаһардың көркін ашатын келісті ғимараттардың да құрылысы жүргізіліп жатыр. Тұрғын үйлер кешенінен тұратын жаңа шағын аудандар да бой көтеруде. Құрылыстың көлеміне қарамастан құзырлы мемлекеттік мекемелер тиісті заңнамалар мен нормативтік талаптардың бұзылмауын қатаң бақылауда ұстайды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Құрылыс жүргізудің заңдылықтарын ескермегендерге облыс әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасымен тексеру жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады.

–Жыл басынан бері құрылыс саласындағы бекітілген заңнамалар мен нормативтердің талаптарын заңға сай орындамағаны үшін 171 жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 19 миллион 14 мың 516 теңге көлемінде айыппұл салынады. Құрылыс заңдылықтарына негізінен тапсырыс берушілер көп көз жұма қарайды. Мәселен жыл басынан бері тапсырысты орындаушыға өзі қойған талаптың үдесінен шығуды міндеттемеген 117 тапсырыс беруші мекеме жауапкершілік тартылып, олар бұл әрекеттері үшін 11 миллион 231 мың 204 теңге көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болды, –дейді облыс әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының басшысы Қанат Айтқұлов.

Сондай-ақ биыл басқарма мамандары Тараз қаласымен Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылында заңсыз құрылыс жұмыстарының жүргізілгенін анықтады. Нәтижесінде нысан иелеріне 37 875 теңге –75 750 теңге аралығында айыппұл салынды.

Жалпы басқарма мамандары өңірде жүргізіліп жатқан құрылыс сапасын зерделеу оның тиісті заңдылықтар аясында атқарылуын зерделеу мақсатында жоспарлы тексерулерге шығып тұрады. Өткен жылы мамандар құрылыс нысандарына 150 жоспарлы, 106 жоспардан тыс тексеру жүргізсе жыл басынан бері 87 жоспарлы, 76 жоспардан тыс тексеру болған. Мұнан бөлек облыс аумағында заңсыз, негізсіз, құжат құрылыс жұмыстарының алдын алу, мүмкіндігінше болдырмау мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары да бекітілген. Облыс әкімінің салалық орынбасарының қолымен бекітілген бұл жоспарда тиісті заң талаптарына көз жұма қарағандарға қарсы күресте Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің жауапкершіліктеріне қарау жайы сөз болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір