• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:02:17
Алматы
+35°

Тараз қаласында осымен екінші жыл қатарынан «ASPARA FASHION WEEK» сән апталығы ұйымдастырылуда. Бұл шараға Қазақстанның сән әлемінің саңлақтары мен бірге сән индустриясының белгілі тұлғаларының жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тараз қаласынан шыққан белгілі сәнгер «Асыл-Дизайн» сән үйі мен «Аспара» модельдік өнер және бизнес колледжінің негізін қалаушы Айдархан Қалиев ұйымдастырған бұл шарада Еуропа мен Азия елдерінен шыққан 20-ға жуық дизайнердің туындылары ұсынылды. Сән апталығы сәнгер Айдархан Қалиевтің «Аспара» брендінің қалыптасқанына 20 жылдығы қарсаңында өткізіліп отыр. Бұл жолғы сән апталығына еуропалық мамандардың жоғары дайындықпен келгені көрініп тұрды. Әрі олар қазақтың ұлттық мәдениетімен біте қайнасқан қазақстандық сәнгерлердің жұмысына қызығушылық танытып, оларды өз елдерінде өтетін шаралардың белсенді қонағы болуға шақырып та жатты. Шараны тамашалаушылар да отандық сән индустриясы өкілдерінің тың туындыларының көңілдерінен шыққанын тілге тиек етті.

Ал өткен жылы тұңғыш рет әлемдік сән индустриясына аты белгілі сәнгерлердің басын қосқан бұл шараға 19 мемлекеттің білікті дизайнерлері қатысқан болатын. Олардың арасында Италия мен Үндістанн, Голландия мен Қытай, Франция сынды бұл саладағы өзіндік қолтаңбасы бар мемлекеттердің өкілдері болуы шараның қаншалықты салмақты екенін айғақтай түскен. Облыс әкімдігінің туризм басқармасы сол шараның аясында өңірге 3 мыңға таяу турист келгенін мәлімдеді. Шара қатысушыларының арасында «Германия сән апталығының» президенті Катарзина Стеванов, «Сербия сән апталығының» президенті Светлана Хорват, американдық «FNL Network» телеарнасының директоры Рокко Лео Жаглиоти, «Милан сән апталығының» президенті Марианна Мишели, «Болгария аруы» байқауының жеңімпазы Вероника Стеванова сынды тұлғалардың болуы бұл шараға сәнге қызығушы көпшіліктің назарын аудартты.

Айта кету керек жергілікті сазгер Айдархан Қалиевтың әлемге танымал туындыларының көбінде «Аң стилінің» үлгісі байқалады. Бұл Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында айтылғандай бұл стилдің бүгінде өнер туындыларында көптеп қолданылып жүргендігін айқындайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір