• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:52:05
Алматы
+35°

Жамбыл облысындағы ең ірі кәсіпорын саналатын «ҚазФосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің құрылғанына 20 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Салтанатты кеш облыс орталығындағы «Баласағұн» концерт залында өтіп оған серіктестіктің қызметкерлері мен ардагерлер, облыстағы өнеркәсіп саласының мамнадары қатысты.

Осыдан дәл 20 жыл уақыт бұрын фосфор өндірісін нарық заманына бейімдеу мақсатында құрылған коммерциялық құрылымның тарихы тым тереңде. Алғаш рет 1946 жылы Шолақтау кенішінен барлануымен басталған Жамбыл фосфор бүгінде әлемнің 27 елінде үлкен сұранысқа ие тауар түрі саналады. Бірнеше өндірістік кешендерден тұратын серіктестік қазірдің өзінде фосфор өнімінің 20 түрін өндіреді. «Қазфосфаттың» өнімін тұтынушылар қатарында Еуропа, Азия елдерінен бөлек Латын Америкасы мемлекеттері де бар.

Қазір «Қазфсфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің облыс аумағындағы «Шолақтау» және «Қаратау» тау-кен өңдеу кешендері, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты, минералды тыңайтқыштар зауыты, теміржол-көлік кешені сынды 4 өндірістік нысанында 6200 жамбылдық еңбек етеді. Зауыт басшылығымен олардың әлеуметтік мәселесі де кезең-кезеңімен шешіліп келеді.

Жыл басынан бері серіктестік 108 миллиард 100 миллион теңгенің өнімін өндірген. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға көп. Алып химия кешені жыл соңына дейін 147 миллиард 100 миллион теңгенің өнімін өндіруді жоспарлап отыр. Жамбыл фосфорын өндіріп осынау мол табысқа кенеліп отырған серіктестік өңір экономикасына да айтарлықтай пайда түсіруде. Соңғы 12 жыл ішінде «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыс бюджетіне 38 миллиард 300 миллион теңге көлемінде салықтық түсім жасады.

1999 жылдан бері осы кәсіпорынның түрлі құрылымдарында басшылық жасаған , «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктігінің бас директоры Мұқаш Ескендіров 2015 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды. Өз кезегінде, серіктестік ұжымы бұл марапатты республикадағы химия өнеркәсібінің жетекшісі кәсіпорны саналатын «Қазфосфаттың» талай жылғы өндірістік еңбегіне берілген лайықты баға деп санайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір