• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:43:09
Алматы
+35°

«Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жастар жылына орай бірқатар жарқын жобаларға ұйытқы болуда. Бұған дейін серіктестікке қарасты өндірістік бөлімдердің жас мамандары арасында ғылыми жоба жарысы ұйымдастырылып, спорттық сайыстар да өткізілді. Өнер додалары туралы әңгіме өз алдына бөлек. Таяуда осы серіктестікке қарасты «Қаратау» және «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешендерінің он жас маманы Алматы қаласында «Micromine» бағдарламасын игеру мақсатында екіапталық оқу курсынан өтті.

Жалпы, «Micromine» - тау-кен өндіру өнеркәсібінің геологиялық барлау жұмыстарынан бастап тау-кен өндірісі, оны жоспарлау және басқару сияқты өндірістік циклді қамтитын кешенді шешім және жұмыс жүйесінде пайдалануға өте ыңғайлы бағдарлама екендігін уақыт көрсетіп отыр. «Қазфосфат» ЖШС-нің фосфор өндірісін басқарудағы саясатын басшылыққа алған «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры М.Б.Сәрсенов бұл бағдарламаны іске асырудың кешеннің болашақтағы жұмыстарын ұйымдастыруда үлкен маңызы бар екенін, аса қажеттілігін ескеріп қолға алу жөнінде шешім қабылдаған еді. Осы шешімнің негізінде «Қаратау» және «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешендерінің он жас маманы Алматы қаласында «Micromine» бағдарламасын игеру мақсатында екіапталық оқу курсынан өтті. Оқу курсында тау-кен өндіру өнеркәсібінің геологиялық барлау жұмыстарын, тау-кен өндірісі, оны жоспарлау және басқару сияқты өндірістік циклді қамтитын кешенді компьютерлік бағдарламалар жасаудың әдіс-тәсілдерін меңгерді. Оқуды аяқтаған соң оларға теориялық білімдерін іс жүзінде асыруды үйреніп, қалыптасу үшін арнайы кабинет жабдықталды. Оны «Micromine» орталығы деп атады. Орталықта соңғы үлгідегі, осы бағдарлама жүйесіне енгізілген екі дана компьютер жинағы, үлкен форматтағы кескіндерді шығару үшін плоттер құрылғысы, тағы бір компьютер, кескіндерді ілу үшін магнитті тақта және тағы да басқа керекті жабдықтар қойылды.

Жақында «Micromine» орталығындағы мамандардың оқып, үйренгендерін, жасаған бағдарламаларын көпшілікке ұсыну мақсатында алғашқы ашық есік күні өткізілді. Шараға «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры М.Б.Сәрсенов бастаған кешен бас мамандарымен қатар «Қазфосфат» ЖШС-нің персоналдарды басқару және кадрларды дайындау жөніндегі бөлім басшысы Ж.А.Оразымбетова, Фосфор өнімдерін өндіру жөніндегі бас менеджер С.Ө.Тұрсынбеков қатысты. Техникалық бөлімнің жетекші инженері С.Б.Серікбаев - «Шолақтау» кен орнының +251м горизонтына тау-кен жұмыстарын жоспарлау» тақырыбында, бас геолог М.А.Макаев – «Кен орнының геологиялық мінездемесі», «Шолақтау» ТКӨК-і геологы А.Сайдуллаев «Micromine» бағдарламасының геологиялық мүмкіндіктері», ОБФ геологы Е.Е.Ердешбаев – «Кен орнының гидрогеологиясы», Басқарманың маркшейдері Н.Байсалбаев – «Маркшейдерлік жұмыста «Micromine» бағдарламасының мүмкіндіктері», «Шолақтау» ТКӨК-нің маркшейдері К.Нүркенов – «Кен орнын әзірлеу жүйесі», Жобалаушы-инженер А.Тәжіқұл – «Тау-кен жұмыстарында пайдаланылатын техникалар», бас кенші А.М.Арипбаев – «Жару жұмыстары» жайында дайындаған материалдарын слайд көрсетілімдер арқылы қатысушыларға ұсынды. Өздеріне қойылған сұрақтарға тиісті жауаптарын берді.

«Micromine» бағдарламасы негізінде өз мамандықтары бойынша жасаған тақырыптық бағдарламаларын көпшілікке ұсынған мамандар аз уақыттың ішінде бағдарлама бойынша ғылыми-теориялық мағлұматтар алғандығын көрсетті.

Жиын соңында «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры М.Б.Сәрсенов «Micromine» бағдарламасының тау-кен жұмыстарындағы зор мүмкіндіктерін айта келіп, аз уақытта осындай жетістікке жеткен «Micromine» орталығының мамандарына алғысын айтып, өзінің ұсыныс, тілектерін жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір