• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:21:06
Алматы
+35°

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында өлкетану бағытындағы жұмыстардың жандандыру, сол арқылы туризм саласын дамыту тұрғысында ой қозғаған болатын. Бұл тұрғыда қазақ хандыныңы негізі қаланған қасиетті Әулиеата өңірінің, тарихи Тараз жерінің әлеуеті мол екендігі айтпаса да түсінікті. Осы орайда Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей тапсырмасымен аймақта туризм саласының тынысын кеңейтуге бағытталған тың бастамалар көтерілуде.

Бүгінде облыста 3 365 тарихи-мәдени мұра ескерткіштері орналасқан, оның ішінде 2 934 археологиялық, 111- тарихи, 97 архитектуралы және тағы сол сияқты атап айтқанда құнды жәдігерлер бар. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан 5 нысан, Ақтөбе (Баласағұн), Құлан, Өрнек, Ақыртас және Қостөбе қалашықтары ЮНЕСКО-нің дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді. Сол сияқты 2 нысан, дәлірек айтқанда Ақыртас» сарай кешені және «Айша бибі» мавзолейі Еуразия экономикалық ынтымақтастық ұйымының «Ерекше тартымды туристік нысандар» тізілімі қатарынан көрінді. Бұдан бөлек облыста «Берікқара», «Меркі», «Аңдысай», «Үмбет, «Қарақоңыз» қорықша-заказник, 6 санаторлық-сауықтыру мекемелері, 10 балалар лагерлері орналасқан.

Бүгінде Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының ұйымдастыруымен түрлі шаралар да өткізілуде. Сол қатарда Қазақстанның Алматы, Түркістан, Шымкент қаласының 9 туристік компаниялары арқылы келушілер «Ортағасырлық Төрткөл» керуен сарайында орналасқан «Көне Тараз шеберлері» қалашығымен танысты. Іс-шараға барлығы 5 565 адам тартылған. Олардың 500-ден астамы Германия, Италия, Жаңа Зеландия, Жапония, Болгария, Қырғыстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей мемлекеттерінен келген шетелдік туристер. Ал еліміздің басқа облыстарынан 1800 турист қамтылды.

Жамбыл облысы бойынша жалпы ұзындығы 495 шақырымды құрайтын ара қашықтықта 9 жол бойғы сервис кешендерінің құрылысын жүргізу орындары айқындалды. Құрылыс жұмыстары 5 аудандық елді мекендерді қамтитын болады.

Талас Алатауының 3200 метр биіктігінде орналасқан, жобалық құны 3 млрд. 355 млн. теңгені құрайтын, «Қаралма» тау-шаңғы базасы» жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда құрылысқа 274 га жер телімі бөлініп, электр қуатымен жабдықтау, газофикация мен су құбырын жүргізу инженерлік коммуникациялары өтетін жерлері анықталды, автожол құрылысы аяқталды.

Техникалық сипаттамалары бойынша арқанды жолдың ұзындығы 2050 метрді құрайды. Кешеннің құрамына 20 коттедж, 100 орындық 1 мейманхана, әрқайсысы 70 орындық 2 мейрамхана, 30 орындық кафе, бақылау мұнарасы, қызмет көрсету орталығы, 100 автокөлікке арналған автотұрақ, бассейн және басқа да сауда-ойын-сауық орындары кіреді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір