• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:40:18
Алматы
+35°

Темір жол бойындағы тәртіп бұзушылықты, ұрлық-қарлықты қадағалайтын, бақылайтын қызметтің барын біреу білсе, біреу біле бермейді. Мұндағы қызметкерлер шетінен қырағы, арнайы техникамен жарақтандырылған, қару-жарақпен де қамтылған. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ деп аталатын мекеменің Тараз қаласындағы филиалына ат басын бұрғанымызда көз жеткіздік бұған.

Филиал директоры Бауыржан Тулепбергеновтің айтуынша, ұжымда 800-ден астам азамат еңбек етеді. Оның 600 шақтысы күзет қызметіндегі жігіттер. Олардың әрқайсысы жұмысқа кірерде жіті тексерулерден өткен, физикалық, психологиялық тұрғыдан мүмкіндіктері әбден зерделенген. «Әсіресе, күзет қызметін атқаратын мамандарымыздың барлығы-дерлік Отан алдындағы борыштарын өтеп келген, ысылған. Оларға күзет жұмысын сеніп тапсыруға болатындығына көз жеткізгенбіз», - дейді Бауыржан Амантайұлы.

Филиалдың Тараз қаласынан бөлек, Сарышаған, Шу, Лугавой және Қырғыз елімен шекарадағы Маймақ стансаларында бөлімшелері бар. Бұдан өзге, шұғыл жағдайда әрекет ететін арнайы топ та жасақталған. «Бұл шұғыл әрекет ететін топта 29 маман қызмет ететін болса, Тараз қаласындағы темір жол бойын 230 маманымыз күзетеді. Ал Шу стансасында – 218, Лугавойда – 44, Сарышағанда – 69, Маймақ стансасында 24 азаматымыз мүлтіксіз қызмет атқаруда», - деп жалғады сөзін мекеме басшысы.

Аймақтағы Тараз, Шу қалаларында орын тепкен вокзалдар қозғалыс жиі орын алатын нысандар қатарына жатады. Ұжымның олардағы ахуалды, жолаушылар жүгін тексеретін 100 қызметкері бар.

Темір жол бойындағы әскерилендірілген күзет қызметіне қару-жарақ пен құрал-жабдықтардан бөлек, 10 автокөлік бөлінген. Олар мамандарды қажетті нысанға дер кезінде жеткізуге сақадай сай тұр.

Бауыржан Амантайұлының айтуынша, әскерилендірілген күзет қызметі болған соң, мамандардың төтенше оқиғалармен бетпе-бет келетін кездері аз емес көрінеді. Мәселен, биылғы жылдың басында Тәтті стансасында мынадай жағдай тіркеліпті: Вокзалда кезекшлікте тұрған қызметкер Мұрат Тілеуқұлов темір жолдан кезекті рет өтіп жатқан жүк вагондарынан бір адамның сұлбасын байқап қалады. Ол әріптестеріне дер кезінде хабарлап үлгерген. Әскерилендірілген мамандар вагон соңынан тексере барғанда, вагондардың ішінде шынымен беймәлім күдіктіні қолға түсіреді.

«Оның жүк пойызында не мақсатпен жүргені анықталып, арнайы құжат толтырылып, желілік темір жол полициясы бөлімшесіне тапсырдық. Кішкене баланың қырағылығы үшін ата-анасына алғысымызды білдірдік», - дейді күзет қызметінің басшылығы.

Дәл осы іспетті оқиға шілде айында Бірлік стансасында да орын алған. «Ол кезде де өзіміздің жігіттер әбжілдік танытты. Әдеттегідей темір жолмен өтіп бара жатқан жүк вагондарының бірінен бір адамды байқап үлгерген қызметкеріміз З.Жанәбілов шұғыл әрекет ететін топқа хабарлайды. Жіті тексеріс нәтижесінде ұрлық ниетіндегі азаматты құрықтадық. Оған қатысты жедел хаттама толтырылып, Шу стансасындағы қауіпсіздік қызметіне тапсырылды», деп түйіндеді «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Тараз қаласындағы филиалының директоры.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір