• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
10 Желтоқсан, 08:11:02
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

17 Қазан, 2019 Аймақтар

Жолдау жүйелі түрде насихатталуда  

 

Жамбыл Жүк тасымалы бөлімшесі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын теміржолшылар арасында насихаттап, түсіндіруді жүйелі түрде жүргізіп келеді. Жақында бөлімшенің конференц залында өткен кезекті іс-шараға ҚР БП ҚСжАЕАЖК Аймақтық кәсіптік басқармасының Жамбыл көліктік аймағы бойынша прокуроры, кіші әділет кеңесшісі Жанна Исакова қатысты.

Жиынды жүргізген «Қазақстан Теміржолы» Жүк тасымалы» АҚ – «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалы директорының бірінші орынбасары Үмітбек Рысбеков алдымен Жолдауда салаға қатысты айтылған мәселелерді талдап, түсіндірді. Келесі кезекте сөз алған Жанна Әлімжанқызы жылдың Бас құжатында құқық қорғау саласы бойынша айтылған басымдықтарға тоқтала келе, өз сөзінде:

– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында бірнеше жылдан бері сыбайлас жемқорлықпен жүйелі күрес мәселесі күн тәртібінен түспегені, сонымен қатар, орталық және жергілікті органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларына сарапшылар мен қоғамның қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы қалпына келтіру қажеттілігін ерекше атап өтті.

Сыбайлас жемқорлық қылмысы болған орында бірінші басшысы заңнамалық және нормативтік тұрғыдан жауапты болуы керек. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган қызметкерлерінің заңсыз жұмыс әдістері мен арандатушылық әрекеттері байқалған жағдайда жұмыс әдістерін қатаң бақылап, тергеу орындарынан шеттеткен жөн, – деді.

Жанна Исакова Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдіру бойынша қабылданған шаралар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны құқық саласының қызметкерлері, соның ішінде көлік прокуратурасы толығымен қолдайтынын да айтты. Ол жағымды өзгерістермен қатар, мемлекеттік органдар, сондай-ақ азаматтар тарапынан болатын құқықтық нигилизмнің көрініс табуы алаңдатушылық туғызатынын да жеткізді.

Басқосу барысында теміржолшылар өздерін толғандырған сауалдарға жан-жақты жауап алды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір