• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:49:35
Алматы
+35°

Тараз теміржол көлігі және коммуникация колледжінің ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауынан туған міндеттер мен тапсырмаларды талқылады.

Бұл Жолдау тәуелсіз елдің берік діңгегі мен біртұтастығын сақтауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жан-жақты шешіп, нақты міндеттерді орындауда маңызды құрал болмақ.

Биылғы 2 қыркүйек мемлекетіміздің ең маңызды күндердің бірі ретінде тарихта қалатыны белгілі. Бұл жаңадан сайланған Президенттің алғашқы Жолдауы болғандықтан, ел арасында қызығушылықты тудырды. Бұл Жолдаудың басқа құжаттардан негізгі ерекшелігі ретінде мемлекеттің экономикаға көзқарасының түбегейлі өзгеруін атап өтуге болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауы қоғамды толғандырған мәселелердің бәріне дерлік жауап берді. Президент мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелеріне тоқталды. Негізгі мәлімдеме болашақ азаматтық қоғам жөнінде болды.

Жолдауда азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндеті қойылды. Мемлекет басшысы жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын айтты. «Біз оған жол бермейміз. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек, – деді Қ.Тоқаев. Кәсіпкерлер өтінген тағы бір шешім – 5 пайыздық қосымша зейнетақы төлемін енгізу мәселесі 2023 жылға дейін шегерілді. Осы уақыт ішінде ортақ шешім табу қажет.

«Зейнеткерлікті қамтамасыз ету мәселесінде тағы бір жаңалық: Мемлекет басшысы Үкіметке жыл соңына дейін жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты түрде пайдалануына қатысты, мысалы баспана сатып алу немесе білім алу үшін жұмсау мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды тапсырды.

Жолдау мемлекетіміздегі әлеуметтік ахуалды жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың нақты жоспарына айналатыны сөзсіз», - деді жиында білім ошағының жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы А.Байғабылова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір