• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:00:09
Алматы
+35°

Елбасы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұған дейін қазақстандықтардың 30 пайызын бұқаралық спортпен қамту туралы меже қойған болатын. Маңызды міндет өз өзектілігін жойған жоқ. Осы орайда барлық елді мекендерде жаңа спорт алаңдары бой көтеріп, шеберлікті шыңдауға бағытталған жарыстардың қатары артуда. Бұл әрине, құптарлық қадам. Өйткені, дана халқымыздың «Шынықсаң шымыр боласың» деген мәтелінде айтылғандай бұқаралық спортпен айналысқан адамның жаны таза, тәні сұлу болып болып қалыптасатындығы белгілі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бүгінде спорт саласын дамытуға үлкен көңіл бөлуде. Президент отандастарымызды сөзбен жігерлендіріп қана қоймай, теннис ойынын жетік меңгерген тұлға ретінде көпке үлгі көрсете білуде. Сонымен қатар спорт саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған тың тапсырмалар жүктеуде.

Бүгінде Елбасы мен Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер Жамбыл облысында да өз жемісін беріп отыр. Бұл тұрғыда Әулиеата өңіріндегі әрбір ауданда да жарқын мысалдар жетерлік. Әсіресе, теміржол саласында түрлі жарыстар өткізіп, сол арқылы сала мамандарын спортты серік етуге шақыру игі дәстүрге айналған.

Жуырда Тараз темір жол стансасында тораптық сайыстар өтті. Тараздық теміржолшылар бұл күні алаңда шағын футболдан доп теуіп, арқан тартысты.

Жамбыл бөлімшесіне қарасты мекемелерден құралған 10 топ сайыстың көркін қыздырып, барынша күштерін сынап бақты. Тартысты өткен бәсекеге қазылық жасау да оңай болған жоқ. Тұла бойлары бұла күшке толы теміржолшы жігіттер бірінен бірі оза шауып, жүлдені бермеуге тырысты.

Спорттық сайыстың соңында арқан тартудан бірінші орын «ДС Тараз» командасына бұйырса, екінші орынды «ЖРС» ЖШС еншіледі. Ал, үшінші орын «ТКЭ-31» командасына бұйырды.

Шағын футбол ойынының жеңімпаздарына келер болсақ, бірінші орын тұғырынан «ДЖДО», екінші орыннан «ДС Тараз», үшінші орыннан «Жамбылтранстелеком» командалары көрінді.

Көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, ұжым арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақты арттыра түскен бұл шарада жеңімпаздар арнайы кубоктармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір