• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:37:34
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі де қамтылғаны белгілі. Расында да жең ұшынан жалғасқан жемқорлық толыққанды жойылмай, қарқы даму болмайтындығы сөзсіз. Сондықтан да бұл бағытта заң талаптары қатаңдатылып, алдын алу шаралары да кең көлемде жүргізілуде. Әсіресе, білім беру ұйымдарында өткізілген шаралардың маңызы терең. Өйткені, егемен егіміздің ертеңгі сенімді тіректері бүгінгі мектеп партасында отыр. Сол себептен де өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлықтың зардаптары туралы үнемі айтылуы керек.

Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің мәжіліс залында және оқу кабинеттерінде студенттерге арналған "Адалдық сағаты" өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға оқытушылар құрамы да белсене қатысты.

Басқосуда арнаулы білім ошағының директоры Ұ.Кенжебаева баяндама жасап, ұтымды ойларын ортаға салды. «Бұл оқу ордасын тәмамдаған білімгерлердің барлығы – ертеңгі теміржолшылар. Жердің бір нүктесінен екінші нүктесіне баратын сан мыңдаған жолаушының сол мезеттегі тағдыры – осы мамандық иелерінің қолында. Сондықтан бұл мамандық киесі адалдық пен адамгершіліктен өзгені көтермейді. Яғни, теміржолшы темірдей тәртіпке бағынып, ісіне жауапкершілікпен қарауы тиіс», - деді колледж жетекшісі.

Жиынға темір жол колледінің ардагер ұстазы Е.Гостев пен 1966 жылғы түлегі және Жамбыл облысының құрметті азаматы Ф.Клименко да қатысып, сөз сөйледі. Олар адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтары тақырыбында ой қозғап, пікірлерін білдірді. Ардагерлер өздерінің еңбек жолдарымен студенттерді таныстырып, адалдықтың биік шыңы – ақылдылық пен білімпаздық, мәдениеттілік пен көрегенділік екендігін атап өтті.

«Бұл білім ордасынан көптеген сала мамандары түлеп ұшқан. Олардың дені мамандығының мақтанышына айналып, ұзақ жылдар темір жол бойында тер төкті. Тіпті, кейбірі өз кәсібін ұлына аманаттап, атадан балаға жалғастырғаны да бар. Сондықтан да бұл кәсіпті қастерлі деуіміз керек. Көптеген адамдардың баратын жеріне жеткізуді мойнына алатын бұл кәсіп сондықтан да адалдықты сүйеді», деді қарт ұстаз.

Басқосу соңында студенттер қонақтарға көкейлеріндегі сауалдарын қойып, жан-жақты жауаптарын алды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір