• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:40:33
+35°

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Жамбыл облысында жемісті жұмыстар атқарылуда.

Аталмыш бағдарламаның «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» атты 1-ші бағыты аясында 2019 жылы барлығы 3883 адамды оқытуға 1655,5 миллион теңге бөлінген.

Ал бағдарламаның 2-ші бағыты аясында барлығы 5284 адамды қамтуға 7372,7 миллион теңге қаржы қарастырылған.

Сол сияқты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша 7002 адамды қамтуға 2551,9 миллион теңге бөлініп, игерілуде.

Осы бағыт бойынша Бағдарлама аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 998 орынға 234,9 миллион теңге қаралыпты. Есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 1440 адам жолданып, жұмысын аяқтаған 230 адамның 123-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, жастар практикасына барлығы 1844 орынға 675,5 миллион теңге қаралды. Есепті кезеңде жастар практикасына 2108 түлек жолданып, жұмысын аяқтаған 1046 адамның 508-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 4160 адамды тартуға жергілікті бюджеттерден 1641,5 миллион теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңде қоғамдық жұмыстарға 4609 адам жолданды.

Сондай-ақ, «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру», яғни жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру қарастырылған.

Бағдарламаның бұл бағытын халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

2019 жылдың 1-қыркүйегіне солтүстік өңірлерге 130 отбасы, 392 адам қоныс аударыпты. Оның ішінде Павлодар облысына 20 отбасы, 52 адам, Шығыс Қазақстан облысына 31 отбасы, 77 адам, Солтүстік Қазақстан облысына 43 отбасы, 136 адам, Қостанай өңіріне 36 отбасы, 127 адам қоныс аударған.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірлік еңбек рыноғында тұрақтылық сақталып, жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың 2-тоқсанында 4,8 пайызды, жастар жұмыссыздық деңгейі 2,4 пайызды құраған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жемісті жалғаса беретін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір