• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 12:51:40
Алматы
+35°

Ауыл шаруашылығын дамыту-маңызды бағыттың бірі. Сондықтан да боар, Мемлекет басшысы Қ.Товаеы «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында осы салаға айрықша назар аударды. Бүгінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында Әулиеата өңірінде іргелі бастамалар көтерілуде.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасына сәйкес 2018 жылы Жамбыл облысы бойынша 1,0 мың тонна сиыр және 1,5 мың тонна қой еті экспортқа шығарылуы тиіс болса, есепті кезеңде облыстағы тауарөндірушілер экспортқа барлығы 1014,1 тонна сиыр және 1659,1 тонна қой етін шығарды. Сиыр етін экспорттау бойынша Меморандумда белгіленген көрсеткіштің орындалуы 101,4 пайызды, қой еті экспорты бойынша 109,1 пайызды құрады. 2019 жылға бекітілген жоспарға сәйкес облыстан 1500 тонна сиыр еті экспортқа шығарылуы тиіс. Ағымдағы жыл басынан бері тауарөндірушілер 862,7 тонна сиыр етін экспортқа шығарып, жоспардың орындалуы 57,5 пайызды құрады. Сонымен бірге 671,2 тонна қой еті экспортталып жоспардың (жоспар - 2000 тонна) орындалуы 33,6 пайызды құрады.

Негізгі экспорттаушылар қатарында экспортқа бағытталған дамыған технологиялы бордақылау алаңдары және кластер құрамындағы «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС, Меркі ауданында «Меркі ет комбинаты» ЖШС, Қордай ауданындағы «Первомайские деликатесы ЖШС» ет комбинаттары болды. Ет өнімдерінің негізгі бөлігі Иран Ислам Республикасы, Бахрейн Карольдігі, Кувейт мемлекетіне экспортталды.

Осы кәсіпорындардың жүктелімін арттыру арқылы алдағы уақытта етті экспорттау динамикасын арттыру жоспарлануда. Бағдарлама аясында қолдағы малдың өнімділігін арттыру мақсатында ет бағытына тұқымдық түрлендіру жұмысы қолға алынды. Жыл бойы тұқымдық түрлендіруге мүйізді ірі қара малының 65,5 мың аналық басы тартылып, жоспардың орындалуы 102,3 пайызды құрады.

Жамбыл өңірі-қашаннан аграрлы салаға бейімделген аймақ. Бұл бағытта бұрыннан қалыптасқан бай тәжірибе бар. Ал Мемлекет басшысының саланы дамытуға байланысты берген тапсырмасы мен баянды бағдарламалар бұл бағыттағы жұмыстарды тіптен жандандыра түскенін айту керек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір