• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
11 Желтоқсан, 21:08:11
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

17 Қазан, 2019 Аймақтар

Жасыл экономика – ел келешегінің кепілі

Жамбыл облысының табиғи-климаттық жағдайын ескере отырып, соңғы жылдарда аймақта энергетикалық потенциялдың жоғарылығына байланысты, жаңартылатын энергия көздерінің күн, жел және шағын су электр станцияларының құрылыстары белсінді жүргізілуде, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Атап айтсақ, 2010 жылы барлық жаңартылатын энергия көздері нысандарының жалпы қуаты шамамен 1,5-2,0 МВт болса, қазіргі таңда 10 ЖЭК нысандары жалпы 168,7 МВт құрап отыр. Оның ішінде 4 нысан су электр станциясы жалпы қуаты 15,1 МВт, 3 нысан жел электр станциясы жалпы қуаты 53,1 МВт және 3 нысан күн электр станциясы жалпы қуаты 100,5 МВт.

Әсіресе Жуалы ауданында орналасқан «Бурное Солар» нысанының 2-ші кезеңіндегі жалпы қуаты 50 МВт құрайтын «Бурное Солар -2» нысанын салу («Samruk Kazyna-United Green» ЖШС) құрылысы 2018 жылдың 4 маусымда аяқталып, іске қосылды. ЖЭК-тін орнатылған жалпы қуаты 100 МВт дейін жетті.

2018 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының көлемі 335,9 кВтсағат немесе жалпы көлемнің 145 пайызды құрады.

2019 жылы ЖЭК көздерімен өндірілетін электрэнергияның үлесін 11,5 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда.

Бұдан бөлек жыл басында инвесторлар Сарысу ауданында 100 МВт –тық жел электр станцияларын салатыны мәлімделген. Жоба бойынша 233 гектар жерге желден қуат өндіретін арнайы қырық қондырғы орнатылмақ. Олардың әрқайсының қуаты – 2,5 МВт құрайды. Станция жылына 350 миллион КВТ/сағ электр энергиясын өндіреді деп жоспарланып отыр. Жоба құны 130 миллион АҚШ долларын құрайды. Жобаның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталады деп күтілуде. Құрылыс кезінде 200-300 адам уақытша жұмыспен қамтылады. Ал аталмыш жоба іске қосылған соң тұрақты түрде 30-40 адам жұмысқа орналасады.

Еліміздің энергетикалық секторын стратегиялық трансформациялау аясында жаңартылған энергия көзінен өндірілетін электр энергиясының үлесін арттыру, экологиялық таза энергия өндіру және атмосфераға көмірқышқыл газының шығандарын азайту мақсатында қолға алынған жоба сәтті жүзеге асатын болса, 2020 жылы қазынаға орташа есеппен 8,1 млрд теңге пайда түседі деп болжанып отыр.

Айта кетейік, жел электрлік станция – желдің кинетикалық энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. Ол жел қозғалтқышынан, электр тогы бар генератордан, жел қозғалтқышының және генератордың жұмысын басқаратын автоматты қондырғыдан, оларды құрушы және қызмет көрсетуші құрылыстарынан тұрады. Жел энергетикалық станцияларда желсіз кезеңге арналған резервті жылу қозғалтқыш болады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір