• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 02:02:13
Алматы
+35°

Тапсырма талабы – нәтиже. Осыны жіті түсінетін жамбылдық құзырлы мекемелер Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді мінсіз орындауға бар күштерін жұмылдыруда. Әрине Президент тапсырған тапсырмалардың тиянақты орындалуы маңызды. Міне осы мәселе Тараз қаласындағы «Достық» үйінде тағы бір мәрте талқыға салынды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 2019 жылғы 24 мамырдағы ҚР Президенті жанындағы отандық инвесторлар кеңесінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында өңірлерде бірыңғай есеп беру күнін (бұдан әрі - Бірыңғай есеп беру күні) өткізу тапсырмасын орындау мақсатында, Жамбыл облысының әкімдігі Бірыңғай есеп беру күнін Тараз қаласының «Достық үйінде» өткізді.

Кездесу барысында мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының (құқықтық статистика, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, мемлекеттік кірістер, техникалық реттеу және метрология, экология, әділет, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, білім саласындағы бақылау департаменті) жыл басынан бері атқарған жұмысының есебі тыңдалып, сондай-ақ кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік қадағалау органдары тарапынан жауап берілді.

Сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармасының ұйымдастыруымен бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында есеп беру кездесуі өткізілді.

Аталмыш кездесу Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеровтің төрағалығымен өтті. Кездесуге облыстық басқармалардың және бақылау-қадағалау функцияларын атқаратын орган басшылары, облыстың кәсіпкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – бақылау-қадағалау қызметіндегі заңнама талаптары мен тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету, тексеру тағайындау мен оны іске асыруда міндетті талаптардың бұзылуының алдын-алу, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру.

Кездесу барысында мемлекеттік бақылау-қадағалау функцияларын атқаратын бірқатар органдардың есебі тыңдалды.

Сондай – ақ, тиісті құзырлы органдар тарапынан кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілген тексерулер, оларды жүргізу тәртібі, орын алған заң бұзушылықтар, оларға жол берген лауазымдық тұлғаларға қолданылған шаралар туралы бірқатар мәселелер талқыланды.

Жиын соңында мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының өкілдеріне бизнес субъектілері тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

Сонымен қатар мұндай шараның маңыздылығы айтылып, ашық диалог алаңының жұмысын тұрақты түрде ұйымдастыру ұсынылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір