• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 19:20:21
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

17 Қазан, 2019 Аймақтар

"Бармақ басты, көз қыстыға" жол жоқ

Сыбайлас жемқорлықпен күресте «бармақ басты, көз қыстыға» жол жоқ. Бұны бүгінде Жамбыл облысындағы басқармамен басқа арнаның басшылары берік ұстануда. Сондай-ақ түрлі қоғамдық қабылдаулар өткізіп, мекеме басшылары бұқараға жемқорлық фактілерінің кері әсерлерін жіті түсіндіруде. Міне сондай басқосудың біріне облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Жеңіс Сариев ұйытқы болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Атап айтсақ, басқарма басшысы Ж еңіс Сариев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде азаматтарға әлеуметтік желі арқылы қоғамдық қабылдау жүргізді.

Кездесу алаңында басқарма басшысы жалпы кәсіпкерлік саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы оның ішінде басқарманың негізгі функцияларына кіретін өнеркәсіп, индустриалды – инновациялық жобаларды дамыту, кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау көрсететін бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы түсіндірді.

Сондай – ақ көптің көкейінде жүрген «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілген гранттық қаржыландыру конкурсына қатысты сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті тапсырмасына сәйкес, облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармасында «Адалдық сағаты» өтті.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы ұйымдастырылған жиынға басқарма басшысының орынбасары М.Жакыпбаев пен басқарма қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында басшы орынбасары сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу – мемлекет дамуының негізгі факторы бойынша баяндама жасады.

Сондай – ақ, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаттарына жеке – жеке тоқталып, түсіндірді.

Осылайша басқарма басшысы мен мамандары жең ұшынан жалғасқан жемқорлық фактілеріне жұдырықша жұмылып соққы беруге күш салуда. Әрине үлкен құрылымның қызметкерлері ең бірінші өз-өздерін тәртіпке шақырып жатқаны қуантады. Себебі әр нәнрсе ынта мен ниеттен басталатыны анық.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір