• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:45:23
+35°

Бүгінде шағын және орта бизнесті дамытуға бар мүмкіндік бар. Мемлекет тарапынан жанданып жатқан жобалар да, баянды бағдарламалар да діттеген мақсатын орындауда. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында грантқа ие болып жатқан жандарды саны артуда. Мұндай кәсіпкерлерге қамқорлық Жамбыл облысында да кең көрініс табуда Атап айтсақ, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  инновациялық дамыту басқармасы «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлердің жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін өткізілген мемлекеттік гранттық қаржыландыру бойынша жалпы конкурстың нәтижесін шығарып үлгерді. Тарқатсақ, конкурсқа қатысу үшін барлығы 46 өтінім, оның ішінде 3 мүмкіндігі шектеулі азаматтардан түскен. Тараз қаласынан – 27 жоба, оның ішінде 2 мүмкіндігі шектеулі азаматтар, Сарысу ауданынан – 12 жоба, Жуалы ауданынан – 2 жоба, оның ішінде 1 мүмкіндігі шектеулі азамат, Байзақ ауданынан – 2 жоба, Т.Рысқұлов ауданынан – 1 жоба, Шу ауданынан –1 жоба, Мойынқұм ауданынан – 1 жоба қаралған.

Конкурстық комиссияның 1 отырысы өтіп, олардың нәтижесі бойынша комиссия мүшелері әр жобаны жеке – жеке тыңдап, шешімдерін хаттамаларға қол қою рәсімі арқылы рәсімдеген.

Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша 6 кәсіпкер 12,5 миллион теңгеге грант иегерлері атанды. Тараз қаласынан 10,5 миллион теңгеге 5 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны 12 және Мойынқұм ауданынан 2 миллион теңгеге 1 жоба мақұлданып, 3 жұмыс орыны ашылатыны белгілі болды.

Қазіргі таңда жалпы конкурстан жеңімпаз атанған кәсіпкерлерге конкурстық комиссияның шешімі туралы хабарламаларды жолдау жұмыстары аяқталып, бағдарламаның үйлестірушісі қаржы агенттігі және шағын кәсіпкерлік субьектісі арасында грант беру туралы шарттар рәсімделуде.

Міне осылайша үміткерлердің үміті ақталып, өз кәсібін ашуға мүмкіндік тууда. Әсіресе 1 ғана жоба ұсынған шалғайдағы Мойынқұм ауданының азаматының бастамасы қолдау тауып, 2 миллион теңгеге қол жеткізіп жатқаны қуантады. Біз аталған өлкенің кәсіпкері мемлекеттің осындай қаржысын тиімді пайдаланады деп сенеміз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір