• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:54:38
Алматы
+35°

Қазіргі таңда жылыту маусымының жүйелі өтуі мен тұрғындардың тұрмысын жеңілдету бағытында ауқымды шаралар атқарылуда. Соның бірі қазандықтарды газға ауыстыру бастамасы. Бұл жоба аясында Жамбыл облысында бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар баршылық, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Естеріңізде болса, 2017 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жамбыл облысы «Шу-Жылу» КМК орталық қазандығының КЕ-25/14С маркалы екі бу қазанын газбен жұмыс жасайтын қазандарға ауыстырып, қайта жаңғыртудан өтіп, сомасы 260,7 млн. Теңгені құрады.

Жабдықтарды орнату электр энергиясын тұтынуды және негізгі отынды сатып алу құнын төмендетуге мүмкіндік берді. Осылайша, орташа жылдық энергия үнемдеу 350 мың кВт немесе 6,0 млн. теңгені құрады, отын шығыны 4,0 мың м3 қарсы 3 456 мың м3, бірдей қуаттылықпен (жыл сайынғы отын экономикасы (табиғи газ) 590 мың м3 немесе 14,0 мың теңге болады). Бұл кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі айтарлықтай жақсарды.

Газ саласын дамыту бағытында облыста 377 елді мекен бар. Оның ішінде қазіргі таңда газдандырылғаны 181, немесе 48 пайызы. 2018-2027 жылдары 196 елді мекенді газдандыру жоспарлануда, нәтижесінде 377 елді мекендер газдандырылып, үлесі 100%-ға жеткізіледі.

2008 жылы облыс бойынша 48 елді мекен тауарлық газ тұтынған болса, 2019 жылдың 1 қаңтарына 181-ды құрады. Демек, соңғы 10 жыл ішінде газдандырылғаны 133 елді мекен.

Газдандырылмаған 173 елді мекен мәселесін шешу мақсатында, 2019 жылдан бастап, үш жылда бөліп қаржыландыру үшін, Энергетика министрлігіне елді мекендерге газ келтіретін құбыр құрылысына 43 524 млн.теңге құрайтын 11 жоба дайындалып, бюджеттік өтінім берілген. Оның ішінде құрылысын 2019 жылы бастау үшін облыстық бюджеттен Байзақ ауданына 1 365 млн. теңге, республикалық бюджен Шу ауданына 200 млн. теңге, Жамбыл ауданына 300 млн. теңге, Жуалы ауданына 704 млн. теңге бөлінді. Сарысу ауданында орналасқан минералды тыңайтқыштар шығаратын Еврохим-Қаратау зауытын және Жаңатас қаласын газдандыру үшін 2019 жылға 3 млрд. теңге бөлінген, ал республикалық бюджеттен бөлінетін, қалған 4,7 млрд. теңге 2020 жылға жоспарлануда.

Облыста жалпы саны 210 мың автокөлік тіркелген. Оның 6 696 данасы газ қондырғысымен жабдықталған (6 247 – жеңіл, 292 – жүк және 157 жолаушылар көлігі).

Тұтынушыларға сұйытылған мұнай газын тарататын аккредиттелген 18 газ желісі ұйымы тіркелген. 2019 жылы облыста орналасқан автокөлікке газ құятын 157 дана бекеттер саны әрекет етуде.

Осылайша газдандыру бағытында талай тірлік тіктелуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір