• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 21:41:20
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

17 Қазан, 2019 Аймақтар

Экспорт көлемі ұлғаймақ

Шағын және орта бизнесті дамыту-мемлекеттік саясаттың бағыты. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салаға серпіліс сыйлайтын тың міндеттер жүктеп отыр. Осы орайда Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жұмысын жолға қойған өндіріс ошақтары әлеуметтің әлеуетін арттыруға да атсалысуда. Солардың бірі-«Talas Investment Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Айта кету керек, компания жұмысқа қабылданған қызметкерлерді баспанамен қамту үшін Талас ауданының орталығы-Қаратау қаласынан 5 қабатты, 2 кіреберісті тұрғын үй сатып алып, пайдалануға берді.

Пайда болған бос жұмыс орындарын қамтамасыз ету Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлескен жұмыстар арқасында жүзеге асуда.

Бұдан бөлек серіктестік тарапынан 2015 жылдан бастап мемлекет бюджетіне 683,8 миллион теңгеден астам қаражат салықтық аударымдар есебінде төленді.

Компания 2019 жылдың көлемінде толық жобалық қуат көрсеткішіне шығуды жоспарлап отыр. Бұған басқару жүйесін автоматтандыру жұмыстары есебінен қол жеткізілмек. Сонымен қатар, 2019-2022 жылдары «Натрий цианидін өндіру қуаттылығын жылына 30 мың тоннаға дейін жеткізу үшін зауыттың екінші кезеңінің құрылысын жүргізу» жобасы арқылы жылдық қуаттылығын арттыру шараларын жүргізу жоспарланып отыр.

Алтын өндіру көлемін жыл санап арттыру бағытындағы мемлекеттік саясат қазақстандық компаниялар тарапынан натрий цианидіне сұраныстың өсуіне оң ықпал етуде. Ал өз кезегінде натрий цианиді алтын өндірісінің көлемін арттырудың негізгі химиялық қоспа саналады. Оған қоса Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында қалыптасқан жағдайға байланысты қытайлық натрий цианиді компаниялары сонда бағытталуынан Тәжікстан, Қырғызстанның алтын өндірушілері тарапынан дәл осы химиялық қоспаға сұраныс артып, экспорттағы қажеттілік ұлғая түсті. Мәселен Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында 120 мың тонна натрий цианидін өндіруге қабілетті зауыт болды. Бұл өндіріс ошағы Ресей-Қазақстан нарығына негізгі бәсекелес саналды. Соңғы 1,5 жыл ішінде натрий цианидінің бағасы 30 пайыздан да көп өсті. Қазіргі таңда 1 тонна натрий цианидін сатып алу бойынша келісімшарттың құны 2500-2800 долларды құрайды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір