• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:10:54
Алматы
+35°

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын айта келе: «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу», - деп атап көрсеткен болатын. Бұл тұрғыда цифрлық технологияның мүмкіндіктерін мпайдаланудың да маңызы зор. Осы орайда 2017-2020 жылдарға арналған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, жүзеге асуда. Құнды құжатта цифрлық Жібек жолын іске асыру, жасампаз қоғамды дамыту, экономика саласындағы цифрлық қайта өзгерту, алдын ала белсенді мемлекетке көшу сынды қадау-қадау міндеттер белгіленген.

Бүгінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде бағдарламаны жүзеге асыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Оқу ордасындағы «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының ұжымы цифрландыру үдерісін жеделдету бағытында білікті және сапалы мамандар дайындау жолында аянбай еңбек етіп келеді. Қазіргі компьютерлік технологиялар өте зор жылдамдықпен дамуда. Заман ағымынан кейін қалмау үшін мамандар жаңа технологияларды жетік меңгеруі тиіс. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін кафедра жанынан жаңа заманауи зертхана ашылып, көптеген компьютерлік жаңа технологиялармен толықтырылуда. Ал зертхана жұмысынп ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты Ғ.Алтыбаев жетекшілік етуде.

-Бүгінде оқыту бағдарламаларына қазіргі кезде кең тараған GPS-аралықты, уақытты және орналасу нүктесін анықтауға арналған навигацияның жерсеріктік жүйесі енгізілді. GPS жердің кез келген жерінде, кез келген ауа-райында, сонымен қатар ғаламшардың ғарыштық аймағында нысанның орны мен жүру жылдамдығын анықтап бере алады. Алғаш рет бұл жүйені АҚШ Қорғаныс министрлігі жасаған. Системаны қолданудың негізгі принціпі - мекенжайды, уақытты өлшеу бағыты мен синхронды қабылдаулар арқылы спутниктік навигациялық антенналар арқылы табу. Бұл жүйені Қазақстанның үлкен қалаларындағы жолаушылар тасымалдау автобустарына енгізді және сатылымға түсіп жатқан авто көліктерге орнатылып жатқандықтары белгілі.

Қазақстанның Үшінші жаңғыртылуын жүзеге асыру есебінің бірінші басымдылығы цифрлық технологияны қолдана отырып, экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту болып табылатындығын Елбасымыз айтып өтті. Сондықтан цифрлық индустрияны дамыту барлық басқа салалардың жылдам дамуын қамтамасыз ететіндігі айқын. Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет,-дейді М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы Л.Абдыкеримова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір