• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:06:09
Алматы
+35°

Жастар жылының ашылу салтанатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабілетті жастарға мол мүмкіндіктер ұсынып, маңызды қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Үкіметке негізгі бес тапсырманы пысықтауды тапсырған болатын. Соның ішінде жастарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша да нақты міндеттер жүктелді.

Елбасы тапсырмасына сәйкес алдағы уақыттан бастап несие берудің және оқыту ісінің оң тәжірибесі негізінде барлық өңірде «Жас кәсіпкер» бағдарламасы әзірленді. Жоба аясында жыл сайын білім алатын жұмыссыз жастар мен өзін өзі жұмыспен қамтығандардың саны 100 мың адамға дейін толығады деген жоспар бар.

Қазіргі таңда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау» жобасы бойынша 11 мыңнан астам бизнес жобалар іске қосылып, 16 мыңға жуық жұмыс орны ашылған.

Іске талап білдірген жастарға қолдау көрсету қажеттігін ескерткен Елбасы: «Үкіметке «Бизнес-2020» жол картасы аясында жас кәсіпкерлер үшін грант бойынша бөлінетін қаржы көлемін екі есе арттыруды тапсырамын. Жалпы, үш жыл ішінде 300 мыңға жуық жастарымыз бизнестің қыр-сырын меңгеріп шығады. Кем дегенде 80 мың адам немесе олардың төрттен бірі өз кәсібін бастап, ел экономикасына елеулі үлес қосатын болады» – деген еді. Талапты жастарға жасалып жатқан мүмкіндіктер мұнымен ғана шектелмейді. Енді бітіруші курстардағы 60 мыңға жуық студентті бизнеске баулу үшін бағдарлама қабылданып, оны жүзеге асыруға 2019-2021 жылдары 32,1 миллиард теңге бөлінеді. Осындай оң бастамалар жамбылдықтарды да жігерлендіріп тастағаны сөзсіз. Қазіргі таңда аймақта жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған көптеген тірліктер жүзеге асуда.

-Бұл – мемлекеттің жастарға жасап отырған үлкен қамқорлығы. Бұған дейін де Елбасы бастамасымен талай бағдарламалар қолға алынып, жобалар жүзеге асырылылған болатын. Мәселен, «Zhas Project» жобасы бойынша Талас ауданында жалпы 33 жоба тапсырылып, оның ішінде бес жобаға бөлім тарапынан қолдау көрсетілді. Атап айтсақ, «Beauty Naz» әлеуметтік шаштаразына 576,6 мың, «Бөбек Damu» балаларды жан-жақты дамыту орталығына 1000,0 мың, ашық аспан астындағы «Youth Cinema» кинотеатрына 998,4 мың, «Djuks» тігін цехына 993,97 мың, «Talas travelers» жобаларына 962,66 мың теңге бөлінді. Жалпы жобалар үш кезең бойынша іріктелді. Нәтижесінде аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі тарапынан қолдау көрсетілген 5 жобаның біреуі гратты яғни қайтарымсыз қаржныны иеленді.

Бұдан бөлек жастарға кәсібін жүргізу үшін мекеме тарапынан агро қаржылық ұйымдар және екінші деңгейлі банктерден несие бөлуі үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Өткен жылдың өзінде 44 миллион теңгеге жастардың қатысуымен 12 жоба іске асырылды,-дейді Талас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаров.

Алдағы уақытта да кәсіппен айналысуға тілек білдірген жастардың ұсыныстары назарға алынып, оларды қолдау жұмыстары жалғасын таба береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір