• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:39:23
Алматы
+35°

Үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасы аясында Жамбыл облысында көптеген өндіріс орындары ашылып, өз жұмыстарын жолға қойып алды. Осы орайда «Talas Investment Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жамбыл облысы, Қаратау қаласының төңірегінде натрий цианиді зауытының құрылысын қолға алып, бүгінде жұмысын жемісті жалғастыруда.

Баршаға белгілі, Қаратау қаласының тарихы химия индустриясының дамуымен тығыз байланысты. Мұнда саладағы техникалық мамандар шоғыры қалыптасты. Ертеректе теміржол желісі тартылған. Міне, осындай факторлар жаңа зауыт құрылысының орнын таңдауда оң септігін тигізді.

Аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін 24,2 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды. Оның ішінде 16,2 миллиард теңге «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы арқылы алынса, компания құрылтайшылары 7 миллиард теңгеден астам қаражат құйды. Сонымен қатар "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы арқылы инфрақұрылым жүргізу үшін мемлекеттік бюджеттен 1,47 миллиард теңге бөлінді.

2014 жылдың маусым айында барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. 2015 жылы және 2016 жылдың басында іске қосу жұмыстары жүргізілді. Ал, 2016 жылдың шілдесінен сапалық негіздерге сай натрий цианидінің алғашқы легі шығарыла бастады. Мұнда шикізат беруден бастап дайын өнім шығарғанға дейінгі технологиялық процесс толықтай автоматтандырылған. Әрі өндіріс технологиясы әлемдік стандарттарға сәйкестендірілген.

Қазіргі таңда зауыт Қазақстан бойынша натрий цианиді сияқты бірегей инновациялық өнім шығаратын және аталмыш өнімді импорттауға қабілетті тұңғыш әрі теңдессіз нысан болып саналады. Бұл тұрғыда отандық дайын өнімді жеткізушілер және тұтынушылармен ортақ меморандумдар жасалған.

Бүгінде натрий цианидін өндіру компанияның белгіленген жоспарына сәйкес, өндірістік қуаттылығына шығып келеді. Сонымен қатар дайын инновациялық өнім «Алтыналмас», «Варваринское», «ГМК Казахалтын» акционерлік қоғамдары, «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 20-дан астам алтын өндіруші компанияларға жөнелтілуде. Бұдан бөлек өнім қосымша Ресей, Тәжікстан, Қырғызстанға экспортталуда. Ал, минералды тыңайтқыштарды Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының шаруалары тұтынуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір