• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:50:33
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасы Құтқарушы күнінің 24 жылдығы қарсаңында екі өрт сөндіруші бөлімшелерде қайтыс болған өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ескерткіштері мен обелискілеріне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Алматы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қалыптасқан дәстүр бойынша шараға қатысушылар ТЖД басшысының міндетін атқарушы Ерлан Әлібековтың басшылығымен Алматы қаласының өртке қарсы қызмет гарнизонында бір минут үнсіздікпен қайтыс болған құтқарушыларды еске алды.

Азаматтық қорғаныс ардагерлерінің атынан Алматы қаласы ТЖД ардагерлер Кеңесінің төрағасы Амантай Малғождаров сөз алып:

«Бұл күн зілзала немесе стихиялы апаттар кезінде қиын жағдайда қалған жандарға көмектесуге жанұшыра асығатын нағыз батырлардың мерекесі. Біздің батыл жігіттеріміз төтенше жағдайда қалған жандардың соңғы үміті болып табылады», – деп атап өтті полковник.

Алматының барлық өрт сөндіруші қызметі, жедел-құтқару және басқа да бөлімшелері 2019 жылдың басынан бері қарай ТЖ аймағынан 963 адамды алып шықты, ТЖ кенеттен болған оқиғаларының зардаптарын жою үшін 451 жерге барды, 916 адамның өмірін құтқарды, 796 млн. теңгенің материалдық бағалы заттарын сақтап қалды.

Төтенше жағдайларды жою қауіпті, соның салдарынан жеке құрам арасында адам шығыны болып тұрады. Адамдарды құтқару үшін өз жанын қиған азаматтық қорғаныс органдары қызметкерлерінің есімі мәңгілік. Мұндай батырларды тек туғандары, жақындары, әріптестері ғана емес өмірін аман алып қалған жандар да қашанда есте сақтайды.

Алматының өртке қарсы қызметінің тарихындағы ең ірі зілзала 1989 жылдың 20 мамырында болған сұмдық оқиға. ​Ол кезде Алматы-ІІ теміржол станциясының кіре беріс жолдарында сұйытылған газ және жиһаз бен бояу тиеген екі тепловоз соқтығысқан болатын. Өртті сөндіру және ТЖ зардаптарын жоюда   9 өрт сөндіруші қызметтік міндетін орындау кезінде көз жұмды. Есімдерін атап тұрып еске алайық, олар:

- ​ Шарипов Фрид Абдулұлы,

- Ақұлов Құралхан,

-​ Сафаргалиев Ильшат Фирдаусұлы,

-​ ​Никуленко Владимир Васильевич,

-​ ​Абдранов Ислам Әбенұлы,

-​ ​Қасымов Расул Әлімжанұлы,

-​ ​Маликов Михаил Иванович,

-​ ​Алимтаев Сеиль Құдашұлы,

-​ ​Ысқақов Еркін Қабжапарұлы

Сол бір қайғылы оқиға болған күні жігіттердің барлығы ерлікпен күресіп, апаттың алдын алды. Өрт сөндірушілердің біліктілігі арқасында сұйытылған газ бар өзге цистерналар жарылмады және өрт тұрғын жайға тарамады.

Алматы гарнизоны 1990 жылдың​ 3 қаңтарында тағы бір қызметкерінен айрылды. Ішкі қызмет сержанты Балабек Ахмедов қызметтік міндетін орындау кезінде қайтыс болды, ал 2002 жылы ішкі қызметтің прапорщигі Павел Голядкин Медеу ауданында өрт сөндіру кезінде көз жұмды.

Дәстүр бойынша салтанатты шараның соңы шерулік сапқа және ескерткіштерге гүл шоқтарын қоюға ұласты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір