• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
12 Желтоқсан, 14:33:31
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

17 Қазан, 2019 NEWS

Мәдени астанада мерейтойларға дайындық барысы талқыланды

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалық етуімен келер жылы Абайдың 175 жылдығына, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына және Алтын Орданың 750 жылдығына арналған шараларды дайындау және өткізу бойынша кеңес өтті, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Кеңеске ғалым-тарихшылар мен философтар, өнер, кино, театр қайраткерлері, мәдениет саласының өкілдері, ведомстволық бағынышты ұйымдардың басшылары, сонымен қатар, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мутанов, философ Әсет Құранбек, жазушылар Дулат Исабеков, Қабдеш Жұмаділов, Смағұл Елубаев, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, кинорежиссер Сергей Азимов және басқалар қатысты.

2020 жылы ел ауқымында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы аталады, сонымен қатар Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу бойынша бірқатар шаралар өтеді.

Айта кетерлігі, бұл мерейтойлық шаралардың барлығы ЮНЕСКО-ның қолдауымен халықаралық деңгейде ұлықталатын болады.

«Алматы еліміздің мәдени орталығы ретінде жалпы республикалық шараларды өткізудің негізгі ошағы болуы тиіс», – деді Е. Бабақұмаров.

Халықаралық конференциялар, көрмелер мен «дөңгелек үстелдер» өткізу бойынша осынау мерейтойлық күндерді мерекелеудің жалпы қалалық шаралары жоспарларының жобалары әзірленді.

Жиын барысында әр жоспар бойынша ұсыныстар мен толықтырулар енгізілді.

«Белгіленген тарихи күндерді мерекелеу – халықтың тарихи сана-сезімін тереңдетуге және жаһандық форматта еліміздің рухани мәдениетін жан-жақты алға жылжытуға бағытталған тәуелсіз Қазақстанның жаңаша тарихындағы маңызды оқиғалар», – деп атап өтті Алматы әкімінің орынбасары.

Кеңестің қорытындысы бойынша Мәдениет басқармасына барлық ұсыныстарды қарап шығу және мерейтойлық күндерді мерекелеу жөніндегі түпкі жоспарға енгізу тапсырылды.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір