• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:11:45
Алматы
+35°

Елордада Елбасының төрағалығымен үкімет мүшелерінің, «Нұр Отан» партиясының және оның Мәжілістегі фракциясының қатысуымен жиналыс өтті.  

Жиналыс барысында Н.Назарбаев депутаттардың аймақтарға жұмыс сапарларының форматын қайта қарауды және партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде алғашқы көшбасшылардың азаматтармен кездесулерін өткізу жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

"Зерттеу нәтижесі "Нұр Отан" партиясы депутаттарының бұқаралық ақпарат құралдарын жеткілікті қолданбайтынын көрсетті. Сондай-ақ,  партия халықты мазалайтын мәселелерге аса араласа бермейді. Соңғы бірнеше айда партия мүшелері атышулы бірде-бір жағдайға қатысты өз пікірін білдірмеді", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сонымен қатар, Елбасы фракция процесінде бюрократия мен кешенді үйлестіру процедураларын алып тастау қажеттігін айтты.  Одан өзге Назарбаев партия органдарына партиялық бақылау комитеті мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің жұмысын жандандыруды тапсырды.

"Бұл органдарға кіретін депутаттар өз жұмысына белсенді істеуі керек. Сіздер жедел сұрақтарды сындарлы түрде қойып, нақты шешімдер ұсынып, оған біздің жұртшылық қатысуы керек", – деді партия төрағасы.

Сонымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президенті фракция депутаттары өздеріне ел Конституциясы сеніп тапсырған заңнамалық бастаманы іс жүзінде қолдана алмайтындығын атап өтті.

"Депутаттар –  партияның тірегі, белсенді электораттың негізі. Халық сізге тиісті билікті партия арқылы берді. Азаматтарымыздың мәселелерін шешу үшін жұмыс жасауларыңыз керек", – деді Елбасы.

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев партияның саяси көшбасшылығын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

"Біздің басты міндетіміз –  тұрақтылықты сақтау. Қазақстанның өркендеуі мен қарапайым азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосу. Сондықтан уәделерімізді орындау үшін бар күшімізді салу керек", – деп түйіндеді партия төрағасы.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Назарбаев Нұр Отан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір