• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 08:57:37
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

18 Қазан, 2019

Әлемдегі ең үлкен түрме жабылады

АҚШ-тың Нью-Йорк  штатында орналасқан әлемдегі ең үлкен түрмені жабу туралы шешім қабылданды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ABC News дерегіне сүйеніп. 

Ауыр және жеңіл қылмыс түрі бойынша сотталған азаматтарды қамауға алатын түзетуші колония Райкерс аралында орналасқан.

Қалалық кеңестің мәліметінше, аумағы кең түрменің орнына Манхэттен, Бруклин, Бронкс және Куинс сынды аудандарда шағын түрме салу көзделуде. Ал Райкерстегі түрмені 2026 жылға дейін жабу жоспарлануда.

Қалалық кеңестің спикері Кори Джонсонның сөзінше, "Райкерс аралы қатыгездік пен жауыздықтың символы. Сол үшін де түрмені  жауып, тұрғындарға  жағдай жасауды мақсат етудеміз",- дейді.

Ілмек сөздер: АҚШ түрме спикер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір