• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:33:49
+35°

Бүгінде жұмыссыздық оның ішінде жастар жұмыссыздығы өзекті мәселе болып тұрғаны жасырын емес. Десе де, мемлекет тарапынан бұл бағытқа құйылып жатқан қаржы да, бағытталған бағдарламалар да жетерлік. Мұндай қарқын шаралар Жамбыл облысында қай жылдары болса да бәсеңдеген емес, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бірер жылдың бедерінде жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Атап айтсақ, кешенді жоспар бойынша алдыңғы жылы 1592 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, жыл ішінде 1208 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылып, оның ішінде 378-і 29 жасқа дейінгі жастарды құраған. Сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарына 92 азамат жолданса, 103 түлек «жастар практикасымен» бос жұмыс орнына тартылған. Бұдан бөлек, ақылы қоғамдық жұмыстарға 224 адам бағытталса, оның 77-і жастар. Дәл сондай, 40 аудан тұрғыны кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына жолдама алса, оның 17-і жастарға тиесілі болып отыр.

Ал «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту» бағыты арқылы 43 азамат шағын несие алып, өз тірлігін дөңгелетуде.

Одан кейінгі жылдарыда бұл жұмыстар жаңаша қарқын алып, тынысы кеңеюде. Ол үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша 490 миллион 180 мың теңге бөлінген. Бұл қаржы 1910 адамды қосымша жұмыспен қамтуға мүмкіндік туғызған.

Ал биылдан бастап жұмыспен қамту жұмыстары жаңаша қарқын алғанын ел жақсы біледі. Және мемлекеттік бағдарлама атауын өзгертіп, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік жобасы ретінде жаңарды. Міне осы бағдарламаның мүмкіндігін тиімді пайдаланып жүргендердің бірі – Жуалы ауданының тұрғыны Мұратбек Нысанов.

Мұратбек қос кәсіпті қатар жүргізіп келеді. Бағдарлама арқылы алған 3 миллион несиесіне ауданда техникалық жөндеу орталығын ашты. Одан бөлек, сүт қабылдау бекеті де бар. Аудан тұрғындарынан 110 теңгеге сүт қабылдап, тонналап Тараздағы «Лесняк» ЖК-ге жеткізеді. Қарамағында 16 жұмысшысы бар, оның төртеуі әлеуметтік жұмыс орнында еңбек етуде. Іскер кәсіпкер техникалық қызмет көрсету цехтарын көбейтіп, бизнесін кеңейтуді мақсат етуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір