• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 19:05:49
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

17 Қазан, 2019 Аймақтар

Жемқорлық – қоғам дерті

Бүгінде жемқорлықпен күрес елімізде қарқынды жүргізіліп жатқаны белгілі. Бұл бағытқа бағытталған жобаларда, алдағы бесжылдыққа айқындалған жоспарлар да жетерлік. Бір ғана «Адалдық алаңының» Жамбыл облысында жасап жатқан жұмысы қыруар. Сондай-ақ өзге саланың мамандары да сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға барынша күш жұмылдыруда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Тараз қаласында оқырмандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпақты жастайынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қатынастар құндылығына тәрбиелеу және оны бойларына сіңіру мақсатымен «Адалдық сағаты» аясында «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің білімгерлері мен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Төлебаев Равиль Қуанышбайұлы қатысып, өз ойын ортаға салды. Шара соңында «Жемқорлыққа жол жоқ!» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іске асыру аясында отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында «Парасатты отбасы» байқауы аудандық, Тараз қалалық білім мекемелерінде өтті. 15 қазан күні байқаудың аудандық (қалалық) кезеңіне 1475 отбасы қатысты. Ағымдағы жылдың 7 қарашасында өткізілетін облыстық кезеңге аудандар мен Тараз қаласында үздік деп танылған 29-ға жуық отбасы бақ сынады. Тағы бір тың жоба, жамбылдық жастар #параберме челленджін қолдайды. Жалпыреспубликалық пара берме челленджін Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті студенттері, парасаттылық қағидаларын негізге ала отырып, өңірдегі өзге де оқу орындары студенттерін челленджді қолдауға шақырды.

Міне осылайша жамбылдықтар жемқорлықпен күреске жіті көңіл бөлуде. Сала мамандары мен құзырлы мекемелер түрлі жиындар өткізіп, насихат шараларын қолға алып жатса, жастар да жақсылықтың жаршысы болып, өз үндерін қосуда. Ендеше мұндай тірліктер көпке үлгі болсын деп тілейміз.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір