• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:21:45
Алматы
+35°

Елбасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында асыраушы саланың ел экономикасының негізгі драйверіне айналдырудың маңыздылығына тоқталды. Және мал етінің экспорталуына асы көңіл бөлді. Бүгінде бұл бағытта жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Қасиетті Әулиеата топырағында ірі қараларды асылдандыру айрықша қарқын алуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жасыратыны жоқ, жамбылдық шаруалар мүйізді ірі қара тұқымын асылдандыру бағытын кешенді жоспарларды жүзеге асыруда. Қазіргі таңда мемлекет қолдауына арқа сүйеген шаруашылықтар ет және сүт бағытында мал басын көбейтуді мықтап қолға алған.

Мәселен Жуалы ауданы Билікөл ауылында «Сәбит» шаруа қожалығы асыл тұқымды шаруашылықты дамытуға ниет білдіріп, батыл қадамға барып отыр. Шаруа қожалығы соңғы жылдары асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жұмыстарымен ерекше көзге түсуде. Бүгінде ауыл маңындағы бос жатқан жерден шағын шаруашылығын ашып, онда ет бағытындағы сиырды күтіп, баптап отыр. Осыдан екі шаруаның қолында бар ірі қаралар қарапайым қазақы тұқым болған. Қазір жаппай асылдандырудың арқасында малдың салмағы артып, тұқымы іріленген. «Жалпы, еңбек етемін деген адамға қазір мүмкіндік те, жағдай да жеткілікті» дейді шаруаның өзі.

Шаруашылықта көбіне ауылдың азаматтары еңбек етеді. Жұмыстарына қарай алатын айлықтары да қомақты. Оның бірі сиыр малын жайса, енді бірі қой бағып жүр. Ал, осында екі жылдан астам жұмыс істейтін Руслан Қуатовтың негізгі ісі сиыр қарау екен. Ол осында жұмыс істеу арқылы өзінде де мал жинап жатқанын айтады. Сиыршының шаршамай бес- алты жыл еңбек етсем өз алдыма бөлініп шығамын деген де ойы бар.

Шаруашылық алдағы уақытта мал басы санын бұдан да арттырып, ауыл маңынан мал бордақылау кешенін ашуды жоспарлап отыр. Ол үшін мемлекет тарапынан қолдау да баршылық. Жалпы, Билікөл ауылы Жуалы ауданындағы мал басы саны ең көп елді мекен екенін бүгінде бар статистика растап отыр.

Мемлекет тауарлы сүт фермаларын құрып, ет өнімдерін еселеуге басымдық беріп отырғаны осындай шаруалардың тірлігінен көрініс табады. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар Жамбыл жерінде қосалқы шаруашылық арқылы кешенді дами түсіп, өз жемісін еселеп беретіндігіне бек сенімдіміз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір