• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:04:09
Алматы
+35°

ШҚО Көкпекті ауданында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында айтылған негізгі бағыттар талқыланды.

м

ҚР президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров жолдауда айтылған басым бағыттарды атап өтті. Оның ішінде шекаралық аудандардың дамуы, көпбалалы аналарды баспанамен қамтамасыз ету, жастарға сапалы білім беру, адами капиталды дамыту бар.

– Президенттің жолдауы аймақтарды өркендетуге бағытталған. Қазақстан тұрғындарының 42 пайызы ауыл-аймақтарда тұрады. Сондықтан ауылдардағы әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін экономикалық және қаржылық инфрақұрылымды дамыту мақсатында атқарылатын жұмыстар легі көп. Бұл – қазақстандық капитал үшін аса маңызды. Сол себептен біз ауыл тұрғындарының жағдайын жалпыреспубликалық деңгейге жеткізуіміз қажет. Сонда ауылда тұрамын деушілердің қатары артады. Бұл сұрақтар Ұлттық кеңесте қаралды. Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында әртүрлі жұмыстар қолға алынуда, – дей келе – Президент жолдауында педагогтардың статусын көтеру туралы айтылған. Өйткені болашақ ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздар қауымына жағдай жасалуы тиіс.

м

Дөңгелек үстелге қоғамдастықтардың өкілдері, мемлекеттік органдар, бизнесмендер қатысып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауды қоғамның талабына сәйкес келетінін, сондай-ақ ел тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін сапалы етуге бағытталғанын атап өтті.

Ерлан Саиров ауыл тұрғындарына шағын және орта бизнесті дамыту, ауылдағы мәселелерді шешудің жолдары туралы кеңінен түсіндіріп берді. Сондай-ақ Ерлан Саиров ауыл тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсетілетінін атап өтті.

м

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір