• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 09:06:10
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

16 Қазан, 2019 Аймақтар

Талайдың жанарын жаулаған – "Taraz симфониясы"

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Облыстық «Taraz симфониясы» өнер фестивалінің Гала концерті өтті. К.Әзірбаев атындағы «Баласағұн» орталық концерт залында өткен шараны шаһар тұрғындары ыстық ықласпен қабыл алды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған осынау айтулы іс-шараны өткізудегі басты мақсат – облыс аумағында классика, джаз, романс жанрларын дамыту, шығармашылық деңгейін көтеру және өнерлі, дарынды орындаушылардың шығармашылық тұрғыда жетілуіне жағдай жасау болатын.

Шараны Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова ашып берді. Байқауға қатысушыларға сәттілік тілеген аймақ басшысының орынбасары өз сөзінде өңірден шыққан жас таланттардың көпетеп танылуына жағдай жасай отырып, мәдениетіміздің, ұлттық өнерміздің өркендеуіне ықпал етуіміз керектігін тілге тиек етті.

Ең бірінші Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Нұрлан Байкөзовтың әні «Адасқан шағала» әнін Қордай ауданының өнерпазы Айдай Жанай шырқады. Барлық әндерді Оңтүстік цирк ұжымының «Х-Band» эстрадалық-джаз оркестрі сүйемелдеді. Гала-концертте қатысушылардың әрқайсысын мәдениет саласында елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар тұлғалар марапаттады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Ауесхан Салабеков, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, ақын Үміт Битенова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мұхтар Рахманқұлов, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, әнші-композитор Жандос Омаров, актер, композитор Мәлік Ақүрпеков т.б бар.

Концертте «Үш бақытым», «Тарантелла», «Ажарлым», «SWAY», «От всего сердца», «Заздравная романс», «Mariage d amour», «Токката», «И снова Карнавал», «Балалық шақпен қоштасу», «Еркетайым», «Ел, Жер - Ана», «Өз елім» әндері мен Н.Байкөзовтің «Шолпан атаға хат», Халық әні «Қыздар-ай», «Баллада о любви», «Алматым», «Ғашықтар мұңы», «Кербезім», «Сағыныш тамшысы», «Шаттанайық» секілді бірқатар композиторлық шығармалары орындалды.

Гала-концерт соңында қазақ эстрадасының жұлдызы Жұбаныш Жексенұлы «Өз елім» Мойынқұм ауданының өнерпазы Бағлан Шубаевпен бірге орындады. Шара соңында Жамбыл облысы әкімінің ықылас гүлі табыс етілді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір