• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:25:21
Алматы
+35°

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен Тараз қаласы тұрғындарының азаматтық қорғау органдарының қызметі туралы ақпараттандырылуын және халықпен өзара іс-қимылды арттыру мақсатында «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Акция ағымдағы жылғы Тараз қаласындағы «Жеңіс» қалалық саябағының аумағында Төтенше жағдайлар департаменті бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Бағдат Даниловтың басшылығымен өтті.

Акция барысында қала тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс, өрт сөндіру қызметі саласындағы мәселелер бойынша түсініктемелер берілді. Сондай-ақ азаматтық қорғау органдарына қызметке кіру ережелері түсіндірілді.

Негізінен тұрғындарды өрт сөндірушілердің өрт шығу орнына сусыз келу, азаматтық қорғау органдарына қызметке кіру, кәсіпкерлік қызметті жүргізу мәселелері бойынша азаматтық қорғау органдарынан қорытынды алу қызықтырды. Сонымен қатар, аттракциондар мен батуттардағы қауіпсіздік үшін жауапкершілік, азаматтық қорғаныс қызметі жайлы және өзге де қоғамдық және қала тұрғындары үшін маңызы аса зор сұрақтар қойылды.

Студенттер мен мектеп оқушыларын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық жоғары оқу орнына оқуға және өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қатарына оқуға түсу мәселелері қызықтырды. Кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу бойынша түсінік беріп, көрнекілік брошюралар таратылды, өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметіне жұмысқа қабылдау ережелері түсіндірілді.

Акцияға қатысқан М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының меңгерушісі Департамент бастығына өз әріптестерін олардың кафедраларына арнайы бағытталған пәндерді оқыту үшін жіберуді ұсынды.

Мұндай іс-шаралар халықпен жұмыс жасауда халыққа азаматтық қорғау органдарының қызметі туралы жеткізу, Төтенше жағдайлар департаментінің көрсететін қызметтері туралы сауаттылық деңгейін көтеру, сонымен бірге, жалпы азаматтық қорғау органдары жүйесін оң бағалауға ықпал етеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір