• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:51:15
Алматы
+35°

Жамбыл облысы аумағында энзоотиялық ауруларға қарсы күрес қарқынды жүруде. Бұл мақсатта аймақта 388 млн теңге бөлініп, мүйізді ірі қара малының тейлериоз ауруына, жылқының сақауына және ауыл шаруашылығы малдарының сальмонеллез ауыруына қарсы егілетін вакциналары алынып, алдын алу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Облыс көлемінде азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау және қадағалау жұмыстары жүргізілуде. Өңірде 14 стационарлық, 4 жылжымалы ветеринариялық-санитариялық лаборатория жұмыс атқаруда.

Облыс бойынша мал өлекселерін залалсыздандыратын 41 биотермиялық шұңқыр және мал өлекселерін өртейтін 16 стационарлы, 5 жылжымалы барлығы 21 инсинератор іске қосылған.

Облыстағы барлық ветеринариялық нысандар ветеринария бөлімдерімен бақылауға алынған. Ветеринариялық заңнама талаптары бұзғылған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық кодекісінің 406 бабымен айыппұл салынады. Осы ретте, 2019 жылдың 9 айында заңды және жеке тұлғаларға 8 млн. 509 мың 748 теңге айыппұл салынып, ветеринариялық-санитариялық талаптарды орындау үшін 1186 нұсқама берілген.

Сібір жарасы көмінділерінің кадастрі бойынша облыс аумағында 189 сібір жарасы ошағы белгіленген. Барлық ошақтар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіріліп, тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актісі алынып, бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізілген.

Сонымен қатар, аймақта ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жұмыстары да жүргізілуде. Бұл мақсатта ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінен облысқа бөлінген 188 388 дана мүйізді ірі қара малдың, 1629954 дана қой-ешкінің құлақ жапсырмалары аудандарға таратылды.

Ауылдық округтерде 160 ветеринариялық пункттер құрылған, оның 75-і 2018 жылы қызметтік үй-жаймен қамтамасыз етілді. 2019 жылы 48 ветеринариялық пункттерге қызметтік үй-жаймен қамтамасыз ету жоспарланған. Қалған 37 ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жаймен қамтамасыз ету 2020 жылға жоспарланды. Елді мекендерді малға дәрі-дәрмек егуге, қан сынамаларын алуға арналған алаңдармен және ірі қара малдарды эктопаразиттерге қарсы дәрілеуге арналған душтармен қамту жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылы 9 уақ малдардарды кенеге қарсы шомылдыратын мал тоғытпаларымен қамту жоспарланған, жыл соңына дейін қамтамасыз етіліп барлығы 152 нысан болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір