• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:08:30
+35°

Тараз қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Құнды өлкетану құжаттарын цифрлау» жобасы қол алынды. Жоба аясында жергілікті авторлардың шығармалары мен кітапхана қорындағы бірқатар кітаптардың цифрлы нұсқаға ауысып, оқырман сұранысын электронды форматта өтеуге көшті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

Жастарға өлке тарихын танытуды мақсат еткен жобаға сай 18 жергілікті автормен келісім-шарттар жасалды. Бұл келісімге келген шығармашыл жандардың 56 аталыммен жарық көрген 810 дана кітабы цифрлы форматқа ауыстырылды. Мұндағы 37 атауымен жарық көрген 688 дана мемлекеттік тілде. Жасампаз, жаңашыл жоба аясында цифрлы форматқа көшірілген кітаптардың барлығы да кітапхананың дерекқорына енгізілді.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайында да «Құнды өлкетану құжаттарын цифрлау» сәтті жүзеге асырылып келеді. Мақсатты жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ағымдағы жылы «Фотоархив» дерек қорына 623 фотоқұжат енгізілді.

Жалпы өңірде құнды мәліметтерді электрондық форматқа көшіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасынан туындаған бұл жауапты міндеттерге сай 2020 жылға дейін барлық қазақстандық авторлардың кітаптары цифрлық форматқа көшірілмек. Сәйкесінше өңірдегі кітапханалардың пайдалану ауқымын кеңейту жұмыстары кеңейе түсті. Ендігі жерде облыс аумағындағы кітапханалар оқырмандардың сұранысын өтеп қана қоймайды. Оларға жергілікті тұрғындарға цифрлық-ақпараттық қызмет ұсыну жауапкершілігі қоса жүктелмек. Кезең-кезеңімен облыстағы 274 мемлекеттік кітапхана өңір тұрғындарына жаңа форматта қызмет көрсете бастайды. 2018 жылдан бері осы мақсатта облыстағы 130 кітапхана жанынан цифрландырылған ақпараттық және коворкинг орталықтары ашылған. Мұндағы 18 нысан коворкинг, ал нысан 112 - цифрландырылған ақпараттық орталық етіп жабдықталды. Облыс орталығынан шалғай елді мекендерде құрылған 107 цифрландырылған ақпараттық орталық интернетке қол жеткізе алмай отырған өңір тұрғындарының кәдесіне жарап келеді. Олардың кейбірі «Электронды үкімет» жүйесімен бірқатар мемлекеттік қызмет түрлерін ұсынады. Облыста жыл соңына дейін осындай 19 цифрландырылған ақпарат орталығы ашылмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір