• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:22:05
Алматы
+35°

Жамбыл облысындағы арнаулы орта білім беру орындарында кәсіптік мамандарды даярлауда ең әуелі еңбек нарығының сұранысы ескерілді. Жаңа оқу жылында облыс колледждерінде 47 мамандыққа 3082 мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінген, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қазір облыс аумағында 46 колледж жұмыс жасаса оның 23-і мемлекеттік меншікте болса, қалған 23-і жекеменшік тиесілі. Өңірдегі арнаулы орта кәсіптік білім беру ұйымдарына бөлінген мемлекеттік тапсырыстың 56,7 пайызы «Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім беру» жобасы аясында жұмысшы мамандықтарына берілді. Жалпы өңірдегі колледж студенттерінің 50,9 пайызы мемлекеттік тапсырыс негізінде тегін білім алып жатыр. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 1028 орынға артық.

–Өңірдегі техникалық және кәсіптік мамандарын дайындау жұмыстары еңбек нарығындағы қажеттілікті зерделеуде басталады. Бұл жұмыстар аудандардағы жұмыспен қамту орталықтарының сұранысына сай жүргізіледі. Сәйкесінше сұраныстарды аудан, қала әкімдерінің тікелей бақылауымен түзіледі. Биыл өңірдегі кәсіптік мамандарға сұраныс көлемі 4345 орынды құрады. Сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалымен жүргізілген скрининг қорытындысын да басшылықта ұстаймыз. 5926 кәсіпкерлік нысанда жүргізілген скриниг қорытындысы олардағы кадр тапшылығы 3562 орын екендігін анықталды. Осы сұраныстарды ескеріп 2019-2020 оқу жылына 29 колледжге 47 мамандық бойынша 3082 мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді,– дейді облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Жас маман» жобасы бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауға да баса назар аударып келеді. Облыста 10 колледжде нарықта сұранысқа ие 100 мамандық бойынша «100/200» қағидаты бойынша маман даярлау жүзеге асырылмақ.

Мемлекеттік тапсырыс есебінен арнаулы орта білім алған студенттердің жұмыспен қамтылуы да өзекті мәселе. Бұл орайда оларды өндірістік тәжірибеден өткен орнынан қызметін жалғастыруға мүмкіндік берудің тетіктері де қарастырылуда. Әсіресе маман даярлауда дуальды оқытудың енгізудің маңызы зор. Бүгінде дуалды оқыту жүйесі өңірдегі 35 колледжде енгізіліп, олар 193 кәсіпорынмен үш жақты келісімшартқа отырды. Нәтижесінде өткен жылы дуалдық оқыту жүйесімен оқуын аяқтаған 1588 түлектің 75 пайызы жұмыспен қамтылды. Жұмыс беруші мен колледждер арасында 3581 түлекті жұмыспен қамту туралы 726 келісім шарт жасалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір