• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:30:52
Алматы
+35°

Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында жалпы білім беретін орта мектептердің «Көркем еңбек» сабағындағы қазақ әліпбиінің латын қаріпіндегі Каллиграфия және леттерингі» тақырыбында семинар өткізді.

Латын қаріпіндегі қазақ әліпбиінің көркемдеп таңбалануын арнайы үйретуге бағытталған семинардың басты мақсаты – отаншылдық пен азаматтыққа тәрбиелеу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын, қазақстандық бірегейлігін қалыптастыру, латын тілінде көркемдеп жазуды мұғалімдер мен оқушылар арасында насихаттау, қазақ сөздерінің жаңа графикалық бейнесін бекіту.

Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен семинар жұмысына Тараз қаласының жалпы білім беретін мектептерінің «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдері қатысты.

Шараны облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесі көрме залының меңгерушісі Вера Майкович ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Вера Андреевнаның айтуынша ұстаздарға қазақ әліпбиінің латын қаріпінде көркемделіп жазылуы арқылы болашақ ұрпақтың санасына әріптердің сауатты әрі әсем жазылу үлгісін қалыптастырады екен. –Әрбір азаматтың ел болашағы үшін жауапкершілігінің зор екендігін дұрыс түсінуді насихаттау, бәсекеге қабілеттіліктің маңызды бағыттарын айқындау, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығы және мемлекет дамуының эволюциялық жолы болып табылатын жаңа әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру біздің негізігі міндетіміз болып саналады. Бүгінгі толқын келесі толқынның заман талабына сай өсіп-жетілуін қамтамасыз етуіміз қажет. Міне, сондықтанда сіздерді жинап сабақ барысында оқушылардың латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің дұрыс таңбалануын үйретсе екен деген тілегіміз бар және жәй ғана үйретпей аса көркемдік пен әсем жазылуын бойларына дарытса екен деп отырмыз, - дейді көрме залының жетекшісі.

Семинарды қазақ тілінде «Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының» қосымша білім беруші педагогы - Бегайдарова Эльмира Сарсенқызы жүргізсе, орыс тілінде №40 мектеп-гимназияның мұғалімі - Шайхеслямова Диана Тимурқызы өткізді. Қос тілде өткен семинар барысында ұстаздар латын қаріпіндегі қазақ сөздерін ерекше каллиграфиялық пішінде жазуды үйренді.

Жиын соңында мұғалімдерге сертификаттар табысталды. Ал, семинарға қатысушы ұстаздар тарапынан шараны ұйымдастырушы мекемеге алғыс айтылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір