• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:44:32
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауында қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын жою, «Дипломмен - ауылға» бағдарламасының аясын кеңейту, оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру, дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау, оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берген болатын.

Бүгінде Жамбыл облыстық білім саласындағы бақылау департаменті Жолдау жүктеген міндеттерге сәйкес, жүйелі жұмыстар атқаруда. Департамент өзінің жұмысын жоспарлауда, оның ішінде профилактикалық бақылауды жүзеге асыруда ауыл мектептерін қамтуды көздейді. Өйткені, профилактикалық бақылау жүргізу кезінде ауыл мектептерінің білім беру қызметіне талдау жасалып, қажеттіліктері анықталады. Орын алған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсынымдар беріліп, оң шешімін табуға ықпалы тиеді.

Жоспарға сәйкес соңғы 2 жылда 66 мектепте мемлекеттік бақылау шаралары жүргізілсе, оның 75 пайызы (49) ауылдық мектептерде өткізілген.

-Бақылау шараларының нәтижелері қалалық мектептермен салыстырғанда ауылдық мектептердің материалдық-техникалық базасының әлсіздігін, компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі мен интернет жылдамдығының, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда білім саласындағы заңнамалардың талаптарын сақтау деңгейінің төмендігін, пәндер бойынша педагог кадрлардың тапшылығын көрсетіп отыр.

Биылғы жылдың өзінде 22 ауылдық мектептің білім беру қызметін жүзеге асыру сапасына профилактикалық бақылау жүргізіліп, заңнама талаптарына сәйкес келмейтін бірқатар деректер анықталды,-дейді департамент басшысы Д.Ускумбаева.

Атап айтқанда 9 ауылдық мектепте құрылтайшы құжаттарының Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 41-бабына сәйкес рәсімделмеуі, 17 мектепте «Күнделік» электронды журналының талапқа сәйкес толтырылмауы, 11 мектепте балаларды 1 сыныпқа қабылдауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес жүргізбеу сынды кемшіліктер анықталып, нақты шаралар қолданылған.

Бүгінде бұл бағыттағы бақылау шаралары жалғасуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір