• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 22:21:14
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

16 Қазан, 2019 Аймақтар

Эпизотиялық ауруларға қарсы күрес күшейтілуде

Еліміз егемендік алғалы бері ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Елбасы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесін назардан тыс қалдырған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та салаға серпіліс сыйлау мақсатында стратегиялық мақсаттар қойып отыр.

Ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі айтылған жерде ветеринариялық қауіпсіздіктің де қатар жүретіндігі даусыз.

Бүгінде Жамбыл облысының аумағында энзоотиялық ауруларға қарсы күресті жүргізуге 388 миллион теңге бөлініп, мүйізді ірі қара малының тейлериоз ауруына, жылқының сақауына және ауыл шаруашылығы малдарының сальмонеллез (қылау) ауыруына қарсы егілетін вакциналары алынып, алдын алу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Бұдан бөлек облыс көлемінде азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау және қадағалау жұмыстары жүргізілуде. Өңірде 14 стационарлық 4 жылжымалы ветеринариялық-санитариялық лаборатория жұмыс атқаруда.

Сонымен қатар аймақта 10 мал сою пункті, 50 мал сою алаңы, 3 ет өңдеу комбинаты және 1 құс өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді.

Облыс бойынша мал өлекселерін залалсыздандыратын 41 биотермиялық шұңқыр және мал өлекселерін өртейтін 16 стационарлы, 5 жылжымалы барлығы 21 инсинератор іске қосылған.

Барлық ветеринариялық нысандар ветеринария бөлімдерімен бақылауға алынып, ветеринариялық заңнама талаптары бұзғылған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық кодекісінің 406 бабымен айыппұл салынуы тиіс.

Облыс әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Оспан Бердияровтың айтуынша, аймақ бойынша 2019 жылдың 9 айында заңды және жеке тұлғаларға 8 миллион 509 мың 748 теңге айыппұл салынып, ветеринариялық-санитариялық талаптарды орындау үшін 1186 нұсқама берілген.

Сібір жарасы көмінділерінің кадастрі бойынша облыс аумағында 189 сібір жарасы ошағы белгіленген. Барлық ошақтар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіріліп, тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актісі алынып, бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізілген.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір