• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:48:29
Алматы
+35°

Ветеринария саласының негізгі қызметі - аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу, ауруларды диагностикалау, малдан алынатын тамақ өнімдері мен шикізаттардың адам өміріне қауіпсіздігін қамтамасыз ету болғандықтан, осы мақсатта жоспарланған іс-шаралар Жамбыл облысында толығымен атқарылуда.

Өңірде ветеринариялық іс-шараларды 160 ветеринариялық пунктері бар 11 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар атқарса, бұл мекемелерде арнайы орта және жоғарғы білімді 887 ветеринар мамандар жұмыс жасауда.

2019 жылы эпизоотиялық іс-шараларды жүргізуге республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бекітіліп, тікелей аудандық бюджеттке берілді. Бұл өткен жылғы деңгейден 13,3% - ға артық.

-Облыста жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы вакцинация және аллергиялық зерттеулердің 13 ауру түрі бойынша, диагностикалық зерттеулердің 23 ауру түрі бойынша жоспарлы эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Осы іс-шаралардың барлығы іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде.

Қажетті барлық ветеринариялық препараттар алынып, аудандардағы уақытша сақтау орындарына жеткізілді. Аудандардағы ветеринариялық кәсіпорындарда препараттарды уақытша сақтайтын қоймалар бар. Олар ветеринариялық талаптарға сәйкес келеді. Ауылдық округтерде ветеринариялық препараттар тоңазытқыштарда сақталады. Аудан орталығынан ауылдық округтерге вакциналар термочемодандармен тасымалданады,-дейді облыс әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Оспан Бердияров.

Диагностикалық зерттеулерге жүргізілген талдау бойынша малдар арасында созылмалы бруцеллез ауруына шалдығу жылдан жылға төмендеуде. 2010-2019 жылдар аралығында ірі қара малдарда бруцеллез ауруы 86 пайызға төмендеген. Ал уақ малдарда бруцеллез ауруы – 17 пайызға азайып отыр.

Сондай-ақ, облыс бойынша адамдардың бруцеллез ауруына шалдығуы 2010 жылмен салыстырғанда 255 адамға кеміді

Бруцеллезге шалдыққан ауыл шаруашылығы жануарлары дер кезінде оқшауланып, ветеринариялық талаптарға сәйкес уақытылы санитарлық союға жіберіліп, мемлекеттік ветеринариялық дәрігердің қадағалауымен өңдеу орындарына жіберілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғаса беретін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір