• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:17:24
Алматы
+35°

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде «Ұлы даланың Ұлы есімдері» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция барысында ғалымдар мен музей саласының мамандары Қазақ даласында өмір сүрген тұлғалар туралы баяндамаларын оқыды.

Қазақстанның аса көрнекті тұлғалары музейлерінің Қауымдастығы өкілдерінің ұйымдастыруымен «Тарих және Тұлға» көрмесі ашылды. Конференцияға Қазақстанның әр өңірінен, Петропавл, Қостанай, Торғай, Түркістан, Павлодардан музей қызметкерлері келді. Ассоциация құрудың мақсаты-барлық әдеби мұражайларды біріктіріп,  ортық жұмыс жасау.

о

Еліміздің 20 әдеби-мемориалдық музейінен 200 экспонат қойылған көрме екі күн бойы келушілерді қазақ халқының көрнекті тұлғаларының тарихымен таныстырады.

Экспозицияларға Абылайханның,  Ыбырай Алтынсариннің, Сәкен Сейфуллиннің, Мұқағали Мақатаевтың жеке заттары қойылған.

Сонымен қатар, «Абай халық жүрегінде» көрме залының ашылу рәсімі өтті.

Абай Алаштың ғана емес,  Адамзаттың Абайы екені сөзсіз. Залдың ашылуы мұражайдың ашылу күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Дәл осы күні 79 жыл бұрын ұлы ақынның мұражайы өз жұмысын бастаған еді. Шара кезінде музейлер арасында шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір