• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:57:26
Алматы
+35°

Қазақстанның Энергетика министрі Қанат Бозымбаев алдағы уақытта елден арзан бензинді, дизельді, мұнай өнімдерін көрші елге алып өтуге, құйып әкетуге тыйым салынатынын айтты. 

Бозымбаевтың сөзінше, "Ресейден Қазақстанға келген көліктер арзан бағамен бензин мен дизельді қосымша ыдыстарға құйып алып кетіп жатыр". 

- Ресейден мыңдаған көлік келеді. Бәрі бензин әкетеді. Бакты толтырса мейлі ғой. Жеңіл көліктің иелері канистр ыдыстарға бензин толтырып алады. Ал жүк көліктің иелері қосымша бак қойып алып, соған 3-4 тонна бензин толтырып алады. Сонда мыңдаған тонна бензин мен дизель шетелге кетіп жатыр. Яғни, біз өзге елдің экономикасын субсидиялап отырмыз, - деді Бозымбаев

Министрдің сөзінше, алдағы уақытта бұл іспен Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мен Мемлекеттік кірістер комитеті айналысатын болады. Яғни, ресейлік көліктердің енді 20 литрлі канистрден басқа ыдыстармен бензин алып өтуіне тыйым салынатын болады.

- Енді Қазақстаннан қандай да бір ел арзан бензинді де, дизельді де, мұнай өнімдерін де тасып әкете алмайды, - деп атап өтті Бозымбаев.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір