• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:56:53
Алматы
+35°

Кеше Ұлттық кеңес аясында елордада бірнеше шара өтті. Бұл туралы президент кеңесшісі Ерлан Карин өзінің facebook-тағы парақшасында жазды.

Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен Ақордада Ұлттық кеңестің экономикалық реформалар тобының мүшелерінің қатысумен кіші және орта бизнесті қолдау, жер реформасы мен квазимемлекеттік секторды жетілдіру мәселелері талқыланды. Аталған жиналысқа Қаржы, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен «Атамекен» ҰП, «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек», «ҚазАгро» қорларының өкілдері қатысты.

Ал, Үкімет үйінде вице-премьер Бердібек Сапарбаев Ұлттық кеңестің әлеуметтік-мәдени тобының мүшелерінің қатысуымен адами капиталдың дамуы, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларына қатысты кеңес мүшелерінің ұсыныстарын талқылауды өткізді.

Бұл кездесулер қоғам өкілдері мен мемлекеттік органдар арасында көтеріліп жүрген өзекті мәселелер бойынша өзара пікір алмасып, позицияларды жақындатуға мүмкіндік береді. Көптеген сұрақтар бойынша ортақ ұстаным қалыптасуда, жалпы үрдіс жаман емес.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір