• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:29:15
Алматы
+35°

17 Қазан, 2019 NEWS

Шу ауданының тұрғыны 56 келіден астам марихуанамен ұсталды

Есірткі өткізушіні жалпы салмағы 56 кг 800 г «кептірілген марихуана» есірткі заты бар төрт қаппен есірткі сақтау орнын қазу кезінде ұстады.

Ағымдағы жылдың 11 қазанында «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Шу ауданы Бесқатын учаскесінің құмды аймағында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жаңа-жол ауылының 40 жастағы тұрғынын ұстады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегін негізге алып.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Каннабистік топтағы есірткіні дайындаумен және шығарумен айналысатын адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған «Көкнар-2019» жедел алдын алу іс-шаралары құрамында есірткі бар өсімдіктердің жетілу кезеңінде жоғары белсенділікпен жүргізіледі.

Алдын алу шаралары барысында тәртіп сақшылары тек жеке дайындаушыларды ғана емес, сонымен қатар қылмыстық топтарды анықтайды.

Осы бағыттағы алдын алу жұмыстары жалғасуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір