• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
11 Желтоқсан, 20:58:10
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

17 Қазан, 2019 Спорт

Нокаутқа түскен боксшы көз жұмды (видео)

Америкалық боксшы Патрик Дэй нокауттан кейін комаға түсіп, 27 жасында көз жұмды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі edition.cnn.com сайтына сілтеме жасап. 

Боксшы Патрик Дэй сәрсенбі күні көз жұмды. Ол сенбі күні Чикагода жерлесі Чарльз Конвеллмен өткен жекпе-жек кезінде нокаутқа түсіп, шұғыл ауруханаға жеткізілген. Ауруханаға бара жатқан жолда комаға түскен боксшы төрт күннен кейін қайтыс болды.

"Мен ешқашан мұндай жағдайдың болғанын қаламадым. Мен тек жеңіске жеткім келді", — деді қарсыласы Конвелл.

Боксшылар украиналық Александр Усик пен америкалық Чазз Уизерспун кездесуінің андеркардында жұдырықтасқан болатын.

Патрик Дэй 22 кездесу өткізген, 17-сін жеңіспен (16 нокаут) аяқтаған. Төрт жекпе-жекте жеңіліп, біреуінде есеп тең болған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір