• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:25:27
Алматы
+35°

Азаттық жолындағы қазақ халқының қилы күндерді бастан кешкені мәлім. Әсіресе біздің халық жоңғар шапқыншығы заманында үлкен қиыншылықтармен бетпе-бет келді. Қазақ даласына ойнақ салған ойраттар «Алқакөл сұлама», «Ақтабан шұбырынды» сынды нәубетті жылдарды орнатты. Алайда үш жүзінде басын қосқан хандар жоңғар шапқыншыларына қарсы нәтижелі тосқауыл беріп отырды. Сол себептен де жергілікті жұртшылық ойраттармен болған шайқаста қазақтардың мерейі үстем болған орынды қасиет тұтады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Сондай қазақ сарбаздарының ойраттарға қарсы жеңісті жорығы жалғасын тапқан орынның бірі Т. Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылының тұсындағы Ойранды жері. Қазақтың жер-су аттарын қоюда оның тарихи маңызына, географиялық, биологиялық ерекшелігіне иек артқаны белгілі. Ара-тұра жер су аттары ондағы тарихи оқиғалар байланысты да беріліп отырған. Сол секілді Ойранды атауы да «ойран болды, ойраны шықты» – деген сөздерімен мағыналас келеді. Ел арасындағы аңыз бен тарихи деректерде дәл осы аумақта болған кескілескен шайқаста ойрат әскері қазақ қолынан ойраны шығып жеңілгені айтылады. Осы Ойрандыдан бөлек осы маңдағы «Ақсарай», «Қалмаққия» деп аталатын жерлерде де ойраттарға қарсы үлкен соғыс болған. Аталған шайқастардың көбінде қазақ әскерінің бірлігі мен жоғары әскери дайындығы және асқан шебер ұйымдастырылған әскери стратегия арқылы жеңіске жеткен. Қазақ даласын ойраттардан азат етудегі шешуі шайқас Ойранды жерінде болған. Осы маңнан ойраны шығып жеңілген ойраттар «Ақсарай» маңында кезекті рет қазақ қолының қарсылығына тап болған. Тіпті еш амалы қалмаған ойраттарға «Қаратас» жанындағы тік шатқалмен қашуға тура келіпті. Дегенмен тік жартасқа шыға алмаған олар түгелдей қырылады. Жергілікті тұрғындар осы маңда егіншілік немесе өзгеде мақсатта жер қазу жұмыстары кезінде тарихи шайқаста мерт болған ойрат жауынгерлерінің сүйегіне тап болатындығын айтады.

Ойрандыға қатысты нақты мәліметті қазақ әдебиетінің марғасқасы Әбіш Кекілбайұлы келтіреді. Тарихи мәліметтер мен ел арасындағы аңыз әңгімелерге сүйнген Ә.Кекілбайұлы: «Қалмақпен шешуші соғыс Жамбыл облысы, «Тұтқынсай» деген жерде болған. Бұл жер Әулие бұлақ жеріндегі қазіргі Ойранды деген мәліметтер айтады.

Қалай десекте халықтың қазақ азаттығы жолындағы шешу мәнге ие ұрыс болған даласына кие тұтуы бекер емес. Бұл өткенді ұмытпай, тарихты танудағы бүгінгі ұрпақты парызы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір