• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:04:36
Алматы
+35°

Жамбыл облысындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түзілген Қазақстанның қасиетті жерлері картасына өңірлік маңызға ие нысан ретінде алынған тарихи-мәдени ескерткіштің кейбірі өмірде болған, соңынан өшпес із қалдырған тарихи тұлғаларға арнап қойылған. Сондай тарихи нысанның біріне қазақ ән-күй өнерінің көрнекті тұлғасы халық ақыны, әнші, композитор Кенен Әзірбаевтың бейітіне маңындағы біртұтас сәулеттік кешен жатады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл сәулеттік кешеннің құрамына саябақ және мұражай ғимараты, ақынның ескерткіш мүсіні мен бейітінің басына қойылған құлыптас кіреді. Музей кешені 38 жыл бұрын салынған. Оның қорында ақын-сазгердің өмірі мен өнер жолынан хабар беретін 900-ден аса жәдігер бар. Әсіресе 7 жасар Кененге әкесі сыйлаған кішкене домбыра музей жәдігерлері ішіндегі ең құндысы саналады. Кезінде бұл домбырамен ақын «Бозторғай» мен «Көк Шолақ» әндерін орындапты. Сол секілді Кенен Әзірбаев өзіне рухани ұстаз тұтқан Жамбыл Жабаев сыйлаған күміс жалатылған белдік те музей қорындағы ең құнды жәдігер деп атауға болатын.

Кенен Әзірбаев 1884 жылы Қордай ауданы Мәтібұлақ өңірінде дүние есігін ашқан. Тума талант иесі ерекшілік әншілік қабілетінің арқасында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор, халық ақыны сынды абыройлы атақтарға қол жеткізді. Оның өнер жолына алғаш қадам басқан сәті қазақ жеріндегі қоғамдық-саяси өмірдің жаңаша бетбұрыстар кезеңімен тұспа тұс келді. Замана ағысымен осынау дүбірлі оқиғалардың бел ортасында жүрген ақын осы оқиғаларды ән-жырына қосты. Әрі ол шығармашалығында қоғам өміріндегі тарихи оқиғаларға қатысты өз ойы мен азаматтық ұстанымын да ашық жеткізе алды.

Кенен өз шығармашылығында жүзден аса ән шығарып, екі жүздей лирикалық, тақырыптық арнаулар мен толғаулардың авторы саналады. Сондай-ақ оның жыр-дастандарында өмірде болған тарихи тұлғалардың өмірі жайында нақты деректер ұсынылуымен де халықтың көңіліне жол таба алған. Зерттеушілер Кенен Әзірбаев шығармашылығындағы басты ерекшелік ретінде оның өзіне тән жеңіл, ойнақы стильді атайды.Ақын шығармашылығынан кейде Жетісудың дәстүрлі мектебінің сарыны байқалса, көп жағдайда ол өзінің стилімен жырлауды жөн санаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір