• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:01:30
Алматы
+35°

Жамбыл облысы республика аумағындағы кісі атымен аталатын жалғыз облыс. 80 жыл бұрын іргетасы қаланған облыстың атауы Жамбыл Жабаевтың құрметіне қойылғанына күмән жоқ. Облыс құрылғанға дейін жүз жыл жырлаған ақынның аты қазіргі Тараз қаласына берілген. Тірі күнінде-ақ аты тұтас облысқа берілуінен-ақ халықтың ақынға деген құрметін байқауға болады. Сондықтан болса керек жергілікті жұрт Жамбыл Жабаевтың кіндік кескен жерін қасиет тұтады. Бұл орын Қазақстанның киелі жерлерінің картасына өңірлік маңызға ие нысан ретінде енгізілген, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Өз заманында қазақ өлеңін көкке көтерген Жамбыл Жабаев Мойынқұм аумағындағы Жамбыл тауының етегінде дүние есігін ашқан. Жамбыл тауының аты тарихи деректерде кейде әйгілі Қозыбаспен қатар аталады. Ақын өзінің «Менің өмірім» өлеңінде

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,

Жамбыл деп қойылыпты атым содан», – деп жырлайды.

Ол қарапайым шаруаның отбасында туылған. Дегенмен әкесі Жапаның ел ішіндегі ірілі-ұсақты дау дамайларда бітім айтатын шешендігі болған. Анасы Ұлдан да ара-тұра өлең құрастыруы қабілетіне ие. Сондықтан болар бала Жамбыл өлеңнің киесін ерте сезінген. Бала күнінен жыр-дастанға құмартқан әрі тосындау мінезі бар Жамбылдың аяқ алысы сол дәуірдегі қазақ өлеңінің қасиеті қонған ақын Сүйінбай Аронұлының көңілінен шығады. Оған риза болған Сүйінбай батасын берген. Өз кезегінде Жамбыл да Сүйінбай Аронұлын өзіне ұстаз тұтып, айтысқа түскенде «Менің пірім Сүйінбай» деп сөз бастайын болған. ХІХ ғасырдың ортасында дүниеге келген қазақ даласындағы қоғамдық саяси өмірдің барлық өзгерістерін көзбен көріп көңіліне түйді. Сол себептен де ескі мен жаңаның тартысы сынды мәңгілік тақырыпты жырына арқау етті. Жамбыл Жабаевтың өзіне тән стиль ретінде оның шығармашылығының жыраулар поэзиясына ұқсас келуіне айтуға болады. Өзі де Өтеген, Сұраншы, Саурық сынды батырлардың кесек тұлғасын қара сөзбен жасап, келер ұрпаққа олар жайындағы мол мағұлматтарды жеткізе білді.

Ақын аты Ұлы Отан соғысы жылдары «Ленинградтық өренім» өлеңімен шықты. Неміс басқыншыларының қоршауында қалған қала тұрғындары мен ондағы кеңес әскерлері осы өлеңмен рухтанғаны да тарихтан мәлім.

Жамбыл Жабаев шығармалары 40 тілге аударылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір