• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 22:21:01
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

15 Қазан, 2019 Аймақтар

Ауылдық кітапхананың олжасы

Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мақаласы аясында кітапханашылар арасында тәжірибе алмасу мақсатында Ш.Уәлиханов облыстық әмбебеап-ғылыми кітапханасында өткен «Ауылдық кітапхана- жергілікті қоғамдастық орталығы» ауылдық кітапханалар күндеріне Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Игілік ауылдық кітапхана «Ай астындағы кентавр» тақырыбында поэзия қонақжайы іс-шарасын өткізген болатын. Облыстық кітапхананың «Буккроссинг» залының төрінде Жамбыл облысының тумасы, төрт мәрте ҚР Президентінің стипендиаты және ҚР Президентінің Грантын иеленген Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының лауреаты Маралтай Райымбекұлы жұртшылықпен жүздескен-ді. Тарпаң ақын Маралтаймен бірге қалам тартып ақындықтың атында үзеңгілес болып жүрген Берік Жүсіп, жазушы Несіпбек Дәутайұлы келіп Маралтайдың шығармашылығына тоқталды. Поэзия қонақжайының құрметті қонақтарымен бірге «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, Жамбыл облыстық Жазушылар одағы филиалының директоры Хамит Есаман, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, айтыскер ақын Есет Досалы, ақын журналист Тұрсынбек Сұлтанбек қатысып отырды. Кітапхана меңгерушісі Ақмарал Бекбергенова «Жерлесіммен мақтанамын» онлайн байланыс арқылы алғашқы ұстазы Сақтаған Имбетованың, қалам тартып алғаш өлеңін арнаған кластасы Гүлбану Маханбетовалардың қызықты естеліктерін тыңдап Маралтай ерекше бір толқып алды.

«Бейне поэзия» бөлімінде слайд арқылы ауыл ақсақалы Зауалмахан Абзалбеков, 4 жасар Нұргүл Әбдіқадыр, Жандаулет Асхатұлы ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

«Көңіл көктемі» атты жыр эллегиясында жерлестері «Жез қоңырау» өлеңін Мағжан Сердалы, «Асанәлі Бағдат» поэмасын

Ақбота Сәрсенбекова , «Игілік» өлеңін Нұржігіт Қырықбай өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп жатқа оқып берді. Ақынмен қауышу сәтінде Маралтай жалпы кітапхана деген рухани киелі ордаға, кітапханашы деген мамандық иелеріне деген алғысым шексіз деп алғысын білдірді.

-Таяуда «Ауылдық кітапхана- жергілікті қоғамдастық орталығы» атты облыстық байқауы өз мәресіне жетті. Жоғарыда атап өткеніміздей, серпінді, креативті, заманауи ой-пікір мен жоғары кәсіби шеберлік көрсеткені үшін Игілік ауылдық кітапханасы бас жүлдені иеленіп, кітапханаға жаңа үлгідегі моноблок сыйға алды, -дейді Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Айтбала Жолмаханова.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір