• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:48:38
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында спорт саласын дамытуға басты назар аударғаны белгілі. Бүгінде осы мақсатта жаңа нысандар қатары да көбеюде. Қазіргі таңда Жамбыл ауданының орталығы - Аса ауылындағы Абай көшесінің бойынан әмбебап залы бар спорт-сауықтыру кешенінің құрылысына жұмыс жобасы бойынша үстіміздегі жылы 166,7 миллион теңге қаражат бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары 7 тамызда басталды.

Бұдан бөлек ауданда бұқаралық спортты дамыту бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күнге тұрғындардың, оның ішінде жастардың бұқаралық спортпен шұғылдануы үшін спорт нысандарына қолжетімділігін арттыруда 150 спорт нысаны анықталған.

Спорт нысандарының тұрғындар үшін арнайы кестелері жасалып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда. Жалпы, қолжетімді спорт нысандарының саны 2018 жылмен салыстырғанда 62 бірлікке өскен. Аудан тұрғындарының дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылдану мақсатында спорт нысандарға қолжетімділігін арттыру үшін тұрақты мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасын табуда.

Бүгінгі таңда аудан көлемінде 2 спорт мекемесі жұмыс атқарып келеді. Аса ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 952 бала спорттың 12 түрімен шұғылданады. Бұл балалармен 31 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс жасайды. Ал Түрксіб ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 600 бала спорттың 7 түрінен жаттығады. Бұл жеткіншектерге 16 жаттықтырушы-оқытушы тәлім беруде.

Жалпы аудан бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен аула және спорт клубтарында 7-ден 18 жасқа дейінгі спортпен шұғылдану көрсеткіші 11,9 пайызды немесе 1 мың 752 баланы құрады. Енді бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 12,1 пайызды құрайтын болады.

Сонымен қатар ауданда ұлттық спорт түрлерінің дамыту мақсатында аудан әкімі алгоритм бойынша спорт қызметкерлерін қабылдау кезінде Аса ауылындағы балалар жасөспірімдер спорт мектебіне 3 штаттық бірліктер қарастырып, күрес кілемдерін алуға қаражат бөлді.

Жалпы, биыл ауданда салауатты өмір салтын насихаттау бағытында барлығы 202 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, аталған іс-шараларға 20 мыңнан астам адам қатысты.

Сондай-ақ аудан спортшылары әртүрлі дейгейдегі халықаралық, республикалық және облыстық спорттық бәсекелерде жоғарғы спорттық көрсеткіштерге қол жеткізді, 2019 жылдың І - жартыжылдығында Түрксіб ауылындағы балалар жасөспірімдер спорт мектебінде 3 спортшы «Қазақстан Республикасының спорт шебері», 9 спортшы «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат» атағына ие болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір