• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:34:15
Алматы
+35°

Құтқарушылар күні кәсіби мерекесі қарсаңында Жамбыл облысының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында «Өрт сөндіру квесті» өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мұндағы мақсат тілшілер қауымын өрт сөндіру кәсібінің қыр-сырымен жете таныстырып, тәжірибелік тұрғыда көрсету, сондай-ақ от жауынгері өздерінің қызметтік міндеттерін атқару барысында қандай қиындықтармен бетбе-бет келуі ықтимал екендігін шағын да болса тәжірибемен көрсету болып табылады.

Аталған өрт сөндіру бөлімнің бастығы, азаматтық қорғау майоры Асқар Қуанышбекұлы Базарбаев бастаған жеке құрам келген қонақтарды ықыласпен күтіп алып, БАҚ өкілдеріне Жамбыл облыстық гарнизонының мақтаулы бөлімінің жауынгерлік бөліміне экскурсия ұйымдастырылды. Одан әрі олар «Өрт сөндіру квестінің» «Жиын және дабыл бойынша шығу» бір кезеңіне өтті. жауынгерлік киімнің стандартты жиынтығы арнайы ыңғайға келітіріліп қойылды. Міне осылайша шұғыл киіп кетуге ыңғайлап қойылған шлем, отқа төзімді күртеше мен қалың шалбарлардың әп-сәтте-ақ киілуінің сыры осында болып табылады. Ал мұнан соң балта мен карабин ілінген белбеу тағылды. Міне осымен бәрі дайын.

Ал тілші-құтқарушылар одан әрі «Жауынгерлік қанат жаю» деп аталатын екінші кезеңіне де өтті. Қанат жаю әдісі от жауынгерлері емес, қарапайым тілшілер атқаратындығына қарамастан барлық нормалары қатаң сақталып өткізілді. Осылайша сала қонақтары жең жолағын тартып, екі өрт оқпанынан су берді. Белгілі бағытқа атылған су екпініне куә болған БАҚ өкілдерінің қуанышында шек болмады. Аталған әрекет оларға ерекше жауынгерлік рух пен күш-қуат сыйлағандай әсерде болды.

Бөлім бастығы Асқар Қуанышбекұлы тілшілерге одан әрі әжептеуір ентігіп, шаршаңқырай бастаған тілшілерді шараның үшінші кезеңі «Жылу түтін камерасына» бастап барды. Өз кезегінде қызыл сөздің майын тамызатын мамандар екі командаға бөлініп, аталмыш жайға бас сұғып, түтінмен бетпе-бет айқасып, лабиринт арасынан зардап шегушіні іздеуге кірісті. Қалай дегенмен жылу түтін камерасының лабиринті БАҚ өкілдері үшін үлкен сынақ болды. Түтінге толы шиыр жолдардан өтіп, финишке жетіп, сыртқа шығу бақыты бәріне бірдей бұйыра қойған жоқ.

Осылайша тамаша ұйымдастырылған шараға журналистер қауымы алғыстарын білдіріп, құтқарушылардың қызметінің қиын да, ауыртпалығын жон терімен сезінгендерін айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір