• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:15:25
Алматы
+35°

Мемлекетіміздің ұстанған басым бағыттарының бірі – сапала кадр саясаты екені белгілі. Кадрдан қадір қашпас үшін Үкімет түрлі мемлекеттік бағдарламаларды жандандырып, бұл бағыттағы бақылау жұмыстарын жылда күшейтуде. Әсіресе адам өмірімен тікелей байланысты салаларда кадрдың білімі мен біліктілігі маңызды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жасыратыны жоқ, бүгінде кадр тапшылығы барлық салада сезілуде. Ал төтенше жағдайлар қызметінің мамандары Көкшетау қаласында ғана оқытылатынынан ел хабардар. Жамбыл облысында бір жылдары бірлі-жарым колледждер құтқарушы мамандарды оқытуды бастап еді, алайда жемісін көрмедік. Қазір бұл мәселе төтенше жағдайлар саласында қалай шешімін табуда?

- Әзірге департаментте кадр мәселе бойынша қиындық жоқ. Біз мамандар сапын жаңа кадрлармен қалай толықтырып жатырмыз дейтін болсаңыздар, іріктеуді ертеден бастаймыз. Яғни мектепті бітіргелі жатқан түлектермен ҰБТ сынағына дейін әңгімелесу жүргіземіз. Үміткерге қойылатын бойы, денсаулығы сынды талаптардың бәрін тексеріп, одан кейін өзімізден арнайы сынақтан өткіземіз. Және олардың ата-аналарының да келісімін алып, Көкшетау техникалық институтына жолдаймыз. Осы түлектер аталған оқу орнында тегін төрт жыл оқып, дипломын қолына алғаннан кейін бізге қайта оралады. Сол кезде мен қанша маман жолдаған болсақ, сонша маманға департаменттен орын дайындап отырамын. Мемлекет жас мамандарды төрт жыл тегін оқытып, шәкірт ақымен қамтамасыз еткеннен кейін олар бес жыл салада қызмет етуге міндетті. Егер бас қа жолды таңдайтын болса, төрт жылға кеткен қаржыны мемлекетке қайтаруы тиіс. Міне Көкшетау техникалық институтында білім алудың ерекшелігі осында. Осы талап пен сенім үдесінен шаққан мамандар біздің қатарымызға қосылады. Және олар жұмысты қайдан табамын деп қиналмайды. Жолдамамен барған жас мамандарға бізде әрдайым орын дайын. Сондай-ақ олардың жеке істері құпия күйі сақталады, - дейді Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бағдат Данилов.

Қалай алып қарасаң да қиын да жауапкершілігі жоғары салада білікті мамандар жұмыс жасағаны абзал. Оны департамент басшысы да айтып отыр. Ендеше құтқарушыларымыздың қатары қырағы қызметкерлермен толыға берсін деп тілейік.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір